ПРОФЕССОР Қ.Б. ЖАРЫҚБАЕВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН (ЖАРЫҚБАЕВ ОҚУЛАРЫ) «ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Т.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 Құрметті әріптестер!

 Сіздерді 2022 жылдың 17 қарашасында оффлайн және онлайн режимде өтетін профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған (Жарықбаев оқулары) «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның мақсаты:

  • К.Б. Жарықбаевтың идеялары контекстінде қазіргі психологиялық- педагогикалық ғылымдарының өзекті мәселелерін талқылау және шешу жолдарын іздеу;
  • Ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу;
  • Ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және мүдделі тұлғалар арасында ғылыми теориялық және практикалық білімдерді тарату.
  • Конференцияға қатысуға психология және педагогика, әлеуметтік ғылымдар саласындағы жетекші ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері шақырылады.

Басылым күні :  15.11.2022