Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның саяси жаңғыруы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның саяси жаңғыруы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.

 

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 10 қараша, сағ.11:00 – 13:00

Өткізу форматы: офлайн

Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы, 4 қабат, № 408 зал. Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27.

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бастамасы мен оның ауқымында жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, әлемдік саясатта туындап жатқан шиеленісті жағдайлар мен әлемдік экономикадағы дағдарыстарға қарамастан демократиялық жаңғыру жолын таңдаған Қазақ елінің батыл қадамдары, жаңаша дамуға арқау болатын саяси шешімдердің қабылдануы шетелдік және отандық қоғамтанушы ғалымдарды қатты қызықтыратын зерттеу тақырыптарына айналып отыр. Ал, қызу қарқынмен жүріп жатқан кезектен тыс президенттік сайлау науқаны Қазақстандағы саяси үрдістерді сараптауға деген сұранысты арттыра түсуде.

«Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның саяси жаңғыруы» атты дөңгелек үстел отандық қоғамтанушы ғалымдардың басын қосуға, қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін, еліміздің ішкі және сыртқы саясатындағы басым бағыттарды, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді талқылауға, жаңа Қазақстан құру ауқымындағы жүріп жатқан саяси үдерістерді жан-жақты талдауға арналған.

Дөңгелек үстел жұмысына елімізге белгілі қоғамтанушы ғалымдар, ақпараттық-саяси орталықтарының сарапшылары Алияров Е.К., Борбасов С.М., Спанов М.У.,   Кәрібаев Б.Б., Әмірбеков Ш.А., Чеботарев А.Е., Симтиков Ж.Қ., Жүсіпов Б.С., Ергөбек Ш.Қ. және басқа да саясаттанушылармен қоса, БАҚ өкілдері де қатысады деп күтілуде.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаһандану жағдайындағы Қазақстанның демократиялық жаңғыру мәселелерін, ұлттық мүдделерді қорғау мен жүзеге асыру, жаңа Қазақстан құру ауқымындағы іске асырылып жатқан саяси реформалардың ерекшеліктерін талдап, әлемдік және аймақтық саясаттағы өзекті мәселелерді, геосаясаттағы жаңа бағыттарды талқылайды.

Дөңгелек үстелдің аясында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының доценттері, саяси ғылымдарының докторы С.Ш.Мұсатаев пен саяси ғылымдарының кандидаты Е.Т.Іңкәрбаевтың авторлығымен жарыққа шыққан «Саясаттану» оқу құралының салтанатты таныстырылымы мен тұсаукесері болады.

 

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:

  • Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның демократиялық жаңғыру мәселелерін талқылау;
  • Жаңа Қазақстан құру ауқымындағы саяси реформалардың жүзеге асуы;
  • Әлемдік және аймақтық саясаттағы жаңа трендтер мен тәуекелдер, геосаясаттағы өзекті мәселелер.

 

 

                                                                                                                  

Байланыс үшін:

е-mail: anda67@mail.ru

тел.: +7 777 779 7757

+7 (727) 377-33-33 (1698)

+7 (727) 377-33-33 (1397) 

Басылым күні :  09.11.2022