ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2022 ж. 20 - 22 сәуір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2022 жылдың 20-22 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында онлайн форматта Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі келесі мамандықтар бойынша өтеді:

5B010300 Педагогика және психология

5В050100 Әлеуметтану

5В050300 Психология

5В090500/6В10201 Әлеуметтік жұмыс

inform_pismo_olimp2022 kaz..pdf

Басылым күні :  17.03.2022