БАҚ-дағы жарияланымдар

Өз мақсатына жеткен семинар

16.03.2023

Мақалада Түркістан облысы Түлкібас ауданы Білім беру департаментінің ұйымдастырылуымен аудан мектептерінде биология және химия пәндері бойынша сабақ беретін оқытушылар семинарының өткені және оның жұмысына арнайы шақырылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының доценті Ә.Е. Ережеповтің қатысуы, сонымен бірге оның семинарда биология пәні оқулықтарындағы «Күрделі тақырыптарды талдау» тақырыбында лекция оқып, жас мамандармен өз тәжірибелерімен бөліскендігі туралы жазылған.

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының доценті Гаухар КОНУСПАЕВА UMR Selmet CIRAD-қа (Франция) шақырылған ғалым ретінде қабылданды Гаухар КОНУСПАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті (Алматы) UMR Selmet-те Baillarguet ғимаратында 2021 жылдың 6 сәуірінен бастап 10 айға «шақырылған ғ

01.04.2021

Гаухар КОНУСПАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті (Алматы) UMR Selmet-те Baillarguet ғимаратында 2021 жылдың 6 сәуірінен бастап 10 айға «шақырылған ғалым» ретінде қабылданады. Бұл шара MUSE «Mak'it» бағдарламасының грантымен қаржыландырып отыр. Бұл іссапар «Түйе сүтінің технологиясы мен нарықтары: ХХІ ғасырдағы тұрақты азық-түлік жүйелерінің жаңа шегі» тақырыбына арналатын болады. Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айында түйе сүтінің саудасы бойынша халықаралық семинар ұйымдастыруды жоспарлайтын бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Түйе сүтін өңдеу және сипаттау бойынша UMR Qualisud және IATE серіктестіктерімен бірге атқарылатын жұмыстар жоспарлануда.

 

Онлайн газета Selmet’Infos №6, 29.03.2021

https://sway.office.com/uBR3qIO48pXXfBS6?ref=Link&loc=play

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіз Қазақстанның флагманы»

30.03.2021

Сериков Д., Халикова К. Биотехнология мамандығының 1 курс (20-02Р тобы) студенттері. Эдвайзер – профессор Атабаева С.Д.

«Тәуелсіз Қазақстанның флагманы»

Қазақ университеті № 11, 20.03.2021, 14-бет

 

Ары қарай оқу >>

Бітімі бөлек, тұғыры биік –Тәуелсіздік тұлғасы

08.02.2021

Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, егемендік бастауы «желтоқсан оқиғасының» 35 жылдығы секілді еліміздің әр саласында атаулы іс-шаралар, айтулы мерекелер  тойлануда. Міне осындай мерекелерге сыртта қалған қазақ жерінде туып, тәуелсіз отанына ту ғылымның туын тіккен биолог-эколог ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің деканы Болатхан Қазыханұлы Заяданның 60-жылдық мерейтойы да тұспа-тұс келуде. Болатхан Қазыханұлының тәуелсіздікке тартуы елге оралған 1997-жылдан бастап ғылым мен білім, әкімшілік және қоғамдық салаларда аянбай тер төгуі еді.

Авторлар: ҚР ҰА корреспондент мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы,Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры, PhD докторы, Әлібек Ыдырысұлы

Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/kandastar/detail/bez_granits/bitimi_b-lek-_t-yry_biik_-t-uelsizdik_t-l-asy_/?fbclid=IwAR1rSQwQ6tDu3U5gQbbz1Y65Y7fZnc-39PUcZVcHrOWecUeX-QE3iTvC5mU

Ары қарай оқу >>