3 курс студенттердін "Qazaq" газетінде құттықтауы.

23.11.2020

Көрулер: 1786

 

Қазақтың киелі қара шаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, беделі биік География және табиғатты пайдалану факультетінің жанында 1996 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан туризм индустриясы мамандарын дайындау мақсатында «Рекреациялық география және туризм» кафедрасы құрылған болатын. Кафедраның басты мақсаты –  елімізде әлсін бағыт алып келе жатқан туризм секторын дамыту, болашақта мемлекет мүддесін қорғап, отандық және шетелдік қонақтарға жоғары сапада қызмет көрсететін мамандарды даярлау.

Кафедрада біліктілігі мен тәжірибесі сараланған, жоғары дәрежелі профессор-оқытушылар дәріс береді.

Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастыру жаңа ғана басталып тұрған кезде туристік мамандарды даярлау барлық заманауи бағыттарда ғылыми, жобалау-іздестіру, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық шеңберінде қарастырылады.

Кафедрада дәріс алған болашақ туризм саласы мамандарының мақсаты:

  1. Қазақстан экономикасының жетекші салаларының бірі ретінде отандық туризм саласын жаңғырту, жаңарту және дамыту.
  2. Мемлекеттің туризм мен демалыс аясындағы әлеуметтік-экономикалық саясатын дамыту.
  3. Еліміз бен аумақтарымыздың табиғи және толық туристік-рекреациялық әлеуетін анықтау.
  4. Аймақтардағы туризм дамуының сұлбаларын жасап, туризмді ұйымдастыру мен басқару бойынша ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу.

Осы тұрғыда кафедрамыздың ұстаздары мен қызметкерлерін келе жатқан мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.

Мемлекетіміздегі туризм саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге алғыс білдіре отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс, биік шыңдарды бағындыруларыңызды тілейміз. Бізге артқан сенімдеріңізді ақтап, келешекте елімізге адал қызмет етуге дайынбыз. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!

Құттықтаушылар: Рекреациялық география және туризм кафедрасының 3-курс студенттері