әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының түлектері мен оқытушыларының «Түлектер күні» аясында өткізілген кездесуі

30.05.2020

Көрулер: 1827

2020 жылдың 30 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндедәстүрлі түрде мамыр айының соңғы сенбісінде өткізілетін «Түлектер күні» аясындауниверситет түлектері мен оқытушыларының кездесуі өтті. Биыл ол жаңа on-lineформатында өткендіктен, ол бастапқыда біршама алаңдаушылық туғызды: қаншалықтықолайлы болатындығы, техникалық ақаулардың алдын-алу және көп адамның қатысаалуы. Алайда, қорқыныш бекер екендігі белгілі болды. Кафедра ұстаздары (тіпті жасыкелгендер де) және түлектер бұл бастаманы қолдап, шақыруға жауап берді. Соныменқатар, қатысушылардың географиясы да кеңейе түсті. Тек алматылықтар ғана емес,сонымен қатар Қазақстанның басқа қалалары және шетелде жұмыс істейтін түлектермерекемен құттықтап, әңгімелесуге қол жеткізе алды. Іс-шараға әр түрлі жылдардағымемлекеттік органдардың, академиялық қоғамдастықтың, туристік бизнестің, қоғамдықбірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, серіктес университеттердіңоқытушылары мен студенттері қатыса алды.Кездесу университет ректоры, академик Мұтанов Ғ.М. құттықтауынан бастау алды,Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, ҚазҰУ Түлектерқауымдастығының президенті Мами К.А. сөзімен жалғасты. Қатысушыларға «ҚазҰУ:болашақтан үміт күттіретін университет» бейнеролигі көрсетілді. ТүлектерАссоциациясының атынан Қ.Мәми студенттерге қазіргі өндіріс пен қазіргі қоғамныңжағдайларына бейімделуге көмектесуге арналған «Тәлімгерлік - әркімге мүмкіндіктер»атты жаңа жобаны ұсынды. Бұл бастаманы бітірушілер де, оқытушылар да қолдады.«Туризм» мамандығының түлектері (Алматы облысы әкімдігінің туризм бөлімініңбастығы Ж.Ғ. Алшымбаева, «Қазақтуризм» ҰК туризм бөлімінің бастығы Д.Сержанұлы,Алматы қаласы туризм департаментінің бастығы Е.Ж. Ещанова, «Жаңа ұрпақ»республикалық көшбасшылық мектебінің бас директоры А. Абжанов) студенттер меноқытушылар үшін жобаларға бірлесіп қатысуды, мастер-класстар мен қонақ дәрістерінөткізуді ұсынды.Әрине, ең маңыздысы түлектердің тәлім берген мұғалімдерімен және бір-біріменбайланысы болды. Студенттік өмірден алынған түрлі оқиғалар еске алынып, болашаққажоспарлар талқыланды. Кафедрамыздың түлектері Хашимова Альфия, Астапова Анна,Уржанов Данияр кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, тәлімгерлік идеясынқолдады. Айта кету керек, бүгінде көптеген түлектер туризмнің білім беру саласында,соның ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризмкафедрасында, 20 жыл бұрын кафедраның негізін қалаушы, профессор С.Р.Ердавлетовнегіздеген сапалы дәстүрлерді жалғастыруда. 2021 жылы С.Р.Ердавлетовтың 80жылдығына және кафедра студенттерінің алғашқы бітіруінің 20 жылдығына арналғанғылыми конференция өткізуге, оның атына кеңсе ұйымдастыруға ұсыныс қолдау тапты.Қорытындылай келе, кездесу соңында университетіміздің әр түрлі жылдардағытүлектерінің ұжымының атынан музыкалық «Армандастар» ән композициясы шырқалды.Төтенше жағдайға қарамастан, онлайн форматындағы кездесудің сәтті өткеніқуантады. Болашақта - бітірген студенттердің alma mater-мен ынтымақтастықтың жаңакөкжиектері күтілуде.