«Тәжірибесіз теория өлі, ал теориясыз практика ақымақтық!».

15.02.2020

Көрулер: 1965

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білім беру саласындағы көшбасшы,болашақ мамандарды даярлау барысында теория мен практиканың тығыз байланысынұштастырып, оқытуда озық технологиялар мен әдістерді қолданатын заманауи университет.Университетімізде «Рекреациялық география және туризм» кафедрасы биылғы оқу жылында жаңамамандықтың ашылуына байланысты, «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1курс студенттері бұған көз жеткізе алды,. В.С. Пастернак айтқандай: «Тәжірибесіз теория өлі, алтеориясыз практика ақымақтық!». Кафедра оқытушылары, атап айтқанда қазақ бөлімініңкураторлары - аға оқытушылар Байбуриев Р.М. мен Асипова Ж.М. белсенді қатысуыныңарқасында, жоғарыда аталмыш мамандық студенттері оқытылатын пәндер мен кураторлықсағаттар аясында қоғамдық тамақтану орындарына барып, онда инфрақұрылымның даму деңгейін,мейрамхана бизнесіндегі қызмет көрсету секторындағы қызметкерлердің жұмысын жан-жақтыбағалай алды, тағамдар мен құпияларды таңдаудағы барлық нәзіктіктерді біліп, танысып қайтты.