Ақын-жыраулар поэзиясын зерттеудің өзекті мәселелері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2021 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, «Лира-1997» фестивалінің лауреаты, ҚР Тәуелсіздігін алғаннан кейін тұңғыш рет ұйымдастырылған «Қазақстанның жыл мұғалімі» байқауының Гран-При иегері, ұстаз-ғалым, ф.ғ.к., доцент Дәрібаев Самал Дәрібайұлының 50 жасқа толуына орай өтетін «Ақын-жыраулар поэзиясын зерттеудің өзекті мәселелері» атты онлайн дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Дөңгелек үстелге отандық әдебиеттанушы ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеуші мамандары, магистрант мен докторанттар шақырылады.

Онлайн жиында әдебиет пен фольклордың байланысы, ақын-жыраулар поэзиясының өзекті мәселелерімен қатар Самал Дәрібайұлының әдебиеттану ғылымына, білім беру ісіне қосқан үлесі мен ұстаздық жолы туралы да сөз қозғалады.

Дөңгелек үстел жұмысында қарастырылатын мәселелер:

- Ақын-жыраулар поэзиясын зерттеудің жаңа бағыттары мен оның өзектілігі;

- Самал Дәрібайұлының зерттеулеріндегі әдебиет пен фольклор байланысы;

- Ғалым-ұстаздың қазақ әдебиеті тарихын, фольклорын зерттеудегі өзіндік көзқарастары;

- Ақын-жыраулар поэзиясын оқытудағы жаңа бағыттары мен әдістері.

Дөңгелек үстел 2021 жылдың 22 сәуір сағат 12:00-де «Zoom» платформасында басталады. Шараға төмендегі сілтеме бойынша қосылуға болады.

 

Конференция сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/85800519424?pwd=bmlDMEpnTWNHdnk2SW42SnpPT0l4dz09

Конференция идентификаторы:      858 0051 9424 

Конференцияға қосылу коды:         123456

Байланыс телефоны:                         8747-703-48-40 (Досхан).

Басылым күні :  22.04.2021