Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы

                                 Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты

                                         халықаралық ғылыми конференциясы

                                                               (6-8 сәуір 2021 ж.)

 

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 2021 жылдың 7 сәуір күні өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен шетел студенттері, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар шақырылады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары (тезис материалдары) 2021 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

Конференцияның салтанатты жабылу рәсімі 8 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайында өтеді.

 

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту;

3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерге қолдау көрсету;

4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

Конференцияда төмендегідей секциялар жұмыс істейді:

І Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері;

ІІ Әдебиеттанудың өзекті мәселелері;

ІІІ Лингвистика;

IV Орыс филологиясының өзекті мәселелері;

V Шет тілдерін оқытудың өзекті мәселелері;

VI Филология, лингводидатика және аударматану: өзекті мәселелері мен даму тенденциялары;

VII Тіл және мәдениетаралық коммуникация;

VIII Білім беру үдерісіндегі ақпараттық жаңа технологиялар;

IX Жас ғалымдар секиясы.

      

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысты шығындарды қатысушылар өздері төлейді.

Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасын 2021 жылдың 20 наурызына дейін конференция хатшылары қабылдайды.

Басылым күні :  25.03.2021