«Қазіргі заманғы әдебиеттанудың өзекті мәселелері және даму бағыттары»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2020 жылдың 29 қазанында отандық әдебиеттанудың көрнекті ғалымы, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғалидің 70 жасқа толуына орай өтетін «Қазіргі заманғы әдебиеттанудың өзекті мәселелері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға Түркия, Жапония, Қырғызстан сынды алыс-жақын шетел ғалымдары мен қазақстандық әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеуші мамандары, студент, магистрант, докторанттар және БАҚ өкілдері шақырылады.

Онлайн жиында қазақ әдебиетінің проза, поэзия және публицистика жанрларын зерттеу ісіне сүбелі еңбек сіңірген профессор З.Бисенғалидің ғылыми еңбектерін филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан қарастыру көзделген. Конференцияға қатысушылар филол.ғ.д. Зинол-Ғабден Қабиұлының ғалымдық және ұстаздық тұлғасы мен зерттеу еңбектерінің қазіргі заманғы филологиядағы өзекті әрі маңызды аспектілері туралы баяндама жасайды.

Конференция жұмысында қарастырылатын мәселелер:

- Зинол-Ғабден Қабиұлының ғалымдық және ұстаздық тұлғасын таныту;

- З.Бисенғалидің зерттеу ғылыми еңбектерін қазіргі заманғы әдебиеттану контексінде қарастыру;

- ғалымның қазақ әдебиетін зерттеудегі ғылыми ұстанымдарын пайымдау;

- ХХІ ғасырдағы әдебиеттанудың өзекті мәселелерін анықтау;

- қазіргі әдебиеттанудың даму бағыттарын айқындау.

Конференция 2020 жылдың 29 қазанында сағат 14:00-де «Zoom» платформасында басталады. Шараға келесі сілтемемен бойынша қосылу қажет.

Конференция сілтемесі:https://us02web.zoom.us/j/82957325306?pwd=OThNOTJDSnkrQVg4WW00VS9hQXlmdz09

Конференция идентификаторы:829 5732 5306

Конференцияға қосылу коды:123456

Басылым күні :  28.10.2020