Жазушы Дидар Амантаймен онлайн кездесу

ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жазушы, философ және кинодраматург Дидар Амантаймен онлайн кездесу өткізеді.

«Әлем және қазақ әдебиетіндегі модернизм» тақырыбындағы онлайн шараға ҚазҰУ оқытушылары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысады. Онлайн байланыс барысында әлем және қазақ әдебиетіндегі жаңа тенденциялар, модернизм бағытының басты ағым-бағыттары және студенттердің кітап оқуға қызығушылығын ояту сынды мәселелер талқыланады.

Онлайн шара 29 сәуірде, сағат 15.00-де басталады, қатысуға ниет білдірушілер https://us02web.zoom.us/j/81808181115 электронды почтаға өтінім жіберуі қажет.

Басылым күні :  29.04.2020