Үш бәйтерек және дәуір тынысы»

   

 

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына арналған «Үш бәйтерек және дәуір тынысы» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция ұйымдастырады.

Конференция 2019 жылы 5 желтоқсанда, сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 308-аудиторияда өтеді.

Конференция жұмысына Қазақстан, алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, филологтары, жоғары, орта оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысуға шақырылады.

 

      Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

1. Үш бәйтерек шығармашылығындағы заман шындығы

2. Үш бәйтерек шығармашылығындағы басым бағыттар

3. Үш бәйтерек шығармашылығы және қазақтану

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай (онлайн). 

 

Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

Көлемі 5 бетке дейін болып, баяндама – Tіmes New Roman, 14 кегль шрифтерімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт. Мақала беттерінің өлшемдері: үсті – 2 см, асты – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 2 см.

Мәтін редакцияланып, электронды нұсқасы Word форматында сақталуы керек. Баяндаманың жоғарғы оң жағында автордың аты-жөні, жұмыс орны мен қызметі, ғылыми дәрежесі, мәтіннің ортасында баяндаманың атауы көрсетілуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңында келтіріледі. Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.

Мақалаға түйіндеме 3 тілде (50-100 сөз) жазылады.

 

Конференцияға қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми атағы

Жұмыс орны мен қызметі

Баяндаманың атауы

Мекен-жайы, телефоны, e-maіl

 

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар. Материалдар жинағының шығарылуы конференциядан кейін жоспарлануда.

 

Мақалалар, өтініштер келесі мекенжай бойынша kazlit19@gmail.com 2019 жылдың 5 желтоқсанына дейін жіберіледі. Мақала және өтініш жеке файлдар түрінде жіберілуі тиіс. Мақала бар файлдың атауын мақала авторы және «мақала» деген сөзбен (мысалы: Оспанова Д.А. Мақала) көрсетіңіз; ал өтініш сәйкесінше автордың аты-жөні мен «өтініш» сөзінен тұру керек (мысалы: Оспанова Д.А. Өтініш). Ақпараттық хатта көрсетілген шарттардың сақталуына назар аударуларыңызды сұраймыз.

 

Конференцияның өтетін жері: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ-дың Бас ғимаратының 3- қабаты, 308-аудитория.

 

Тіркеу 2019 жылдың 5 желтоқсанында сағат 14.00 басталады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті, 325 кабинет, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (каб. 325), тел. +7 (727) 221-13-30, 377-33-39 (внутр: 1330), ұялы.: 87012305225

 

 

Басылым күні :  05.12.2019