Жазушымен Кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Құрметті жас ғалымдар мен студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2022 жылдың 29 сәуірінде өтетін қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қоғам қайраткері, Абай Халықаралық клубы мен «Аманат» журналының негізін қалаушы Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың 75-жылдығына арналған «Роллан Сейсенбавтың көркемдік әлемі» атты әдеби жүздесуге шақырады.

Әдеби жүздесудің мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі, қазіргі заманның аса көрнекті жазушысы Роллан Сейсенбаевтың әдеби мұрасын ұғыну, оның шығармашылық зертханасының, Қазақстанның тарихи-мәдени үдерісіндегі шығармаларының орны мен рөлін түсіндіру.

Әдеби жүздесу қазақ, орыс тілдерінде өтеді.

Әдеби жүздесудің өтетін жері: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, ректорат, 15-қабат, мәжіліс залы. 

Әдеби жүздесудің басталуы: 11.00.

Байланыс телефоны: Тел.: +7 (727) 377 33 37 (1328, 1330), e-mail: kazlit19@gmail.com


Басылым күні :  21.04.2022