«Current Trends in Interdisciplinary Issues»

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Шет Тілдер кафедрасы

Aқпараттық хат

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің «Шет тілдер» кафедрасы ұйымдастыратын «Current Trends in Interdisciplinary Issues» атты халықаралық ғылыми және оқу әдістемелік конференция жұмысына қатысуға магистранттарды, жас ғалымдарды, докторанттарды, зерттеушілерді және ғылыми қызметкерлерді шақырамыз.

 

Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге заманауи ғалымға қажетті дағдыларды қалыптастыруға, соның ішінде өз зерттеулерін ұсынуға, пікірлерімен, көзқарастарымен, ойларымен бөлісуге, өздерін қолдайтын және ынтымақты ортада кері байланыс алуға мүмкіндік беру.

Конференция 2022 жылдың 17 наурызында сағат 10.00-де Нұр-сұлтан уақытымен онлайн форматта «ZOOM» платформасы арқылы өтеді. Барлық конференцияға қатысуға өтініш білдірушілерге сілтеме қосымша жіберіледі.

Конференцияға қатысу өтінішін және мақаланың толық мәтінін тапсыру мерзімі - 2022 жылдың 15 наурызына дейін (өтініш формасы 1 қосымшада, мақалаға қойылатын талаптар 2 қосымшада) Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі қажет: conferencemarch22@gmail.com

•         Конференцияға қатысу тегін (электрондық *pdf форматындағы материалдар жинағы шығарылады).

•         Конференцияға мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қабылданады

•         Конференцияға баяндама жасап қатысқандарға сертификат беріледі.

Конференция бағыттары:

Секция 1: Физика-техникалық ғылымдар және технологиялар: физика, математика, механика, ақпараттық технологиялар

Секция 2: Жаратылыстану ғылымдары: химия, биология, медицина

Секция 3: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: филология және лингвистика, тарих, археология, этнология, заң, экономика ғылымдары, философия, дінтану

 

Негізгі спикерлер:

 1.  Кристофер Кортен, PhD, профессор, Мәскеу мемлекеттік халықаралық байланыстар инситуты, Ресей 

2.Куршат Джесур, Ағылшын тілін оқыту кафедрасының доценті, Чанккале Онсекиз Март Университеті, Түркиия


 

 

Мақаланы ресімдеу тәртібі (2- қосымшада үлгісі берілген)

Баяндама мәтіні 5-7 бетке дейін Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman шрифтімен өлшемі (кегль) - 11, жоларалық интервал - 1, А4 форматы, жол жиектері: сол, оң үстіңгі және астыңғы - 2см; Беттер номірленбейді; Бастапқы беттің сол жағында ӘӨК индексі жазылады.

Бір жол төмен автордың (авторлардың) аты жөні жазылады. Сондай-ақ жол үсті жұлдызшасын * қою арқылы беттің төмен жағында ғылыми дәрежесі, лауазымы, ЖОО/мекеме атауы, қаласы, e-mail көрсетілген сілтеме берілуі қажет (авторлар саны екі немесе үшеу болған жағдайда сәйкесінше екі** не үш***жұлдызша қойылады);

Жолдың ортасында бас қаріптермен қалың шрифтімен баяндама тақырыбы жазылады.

Бір интервалдан кейін азат жолдан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аңдатпа (10-15) сөзден тұратын бір абзацпен рәсімделеді. Аңдатпада дәйек сөздер және қысқарған атаулар жазылмайды, қысқа түрде мақала мазмұны ашылады. (Times New Roman курсив,кегль-12). Келесі жолда азат жолдан түйін сөздер (5-8 сөз) жазылады. Қазақша түйін сөздер қазақша аңдатпадан кейін, орысша түйін сөздер орысша андатпадан кейін, ал ағылшынша түйін сөздер ағылшынша андатпадан кейін болуы шарт.

Мақала мәтіні бір интервалдан кейін азат жолдан басталады. Негізгі мәтін ішінде әдебиеттерге сілтеме тік жақша арқылы беріледі [ ]: қазақша [1, 18б.], орысша [1,c.18], ағылшынша [1,p.18];

Мақала сонында пайдаланылған әдебиеттер тізімі пайдаланылу реті бойынша беріледі;

Суреттер jpg немесе gif форматында болу керек (сурет атауы бір жолдан кейін бет ортасында жазылады: 1 сурет Атауы)

Кесте атауы мәтіннен кейін бір жол төмен кестенің үстінгі жағында жазылады.

Қатысушының аты-жөні және файл атауы көрсетілген материалдар

Ұйымдастыру комитетінің электронды пошта мекен-жайына (conferencemarch22@gmail.com ) жіберілуі қажет.

Қосымша 1

«Current Trends in Interdisciplinary ISSUES» атты халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференцияға

 

Өтініш

 

Баяндамашының (қатысушының) аты-жөні

 

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі

 

Жұмыс орны, лауазымы

 

Қала, мемлекет

 

Секция атауы

 

Баяндама тақырыбы

 

Баяндама жасау формасы (онлайн)

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

 

 

Қосымша 2

Мақаланы ресімдеу тәртібі

ӘӨЖ 246.325

Абаева Г.М. *

*филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 2-ші курс докторанты, ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан e-mail: abaygm@mail.ru

 

Виртуалды тілдік тұлға лингвистикалық зерттеу пәні ретінде

 

Аңдатпа (Times New Roman курсив, кегль-12).

түйін сөздер: (5-7 сөз)

(Мақала мәтіні)

 

       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырғандар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1996. -240 б. - кітап

 

         Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыздар:

+7 7013915182 Гаийпова Гулипа Абдырайимовна

+7 7015127774 Уразгалиева Светлана Аманжоловна

+7 7079912571 Мусанова Гульназ Айдаровна

 

 

Басылым күні :  11.02.2022