«Әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен әдебиетті оқыту әдістемесі»

Құрметті әріптестер ! 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2021 жылдың 25 қарашасында қазақ әдебиеттануында үлесі бар ғалым, Қазақстанның құрметті педагогы, «Білім беру саласының үздігі», филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қалқабаева Сәлима Әбдіраманқызының 60 жасқа толуына орай өтетін «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен әдебиетті оқыту әдістемесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2021 жылдың 25 қарашасында сағат 14:00-де «Zoom» платформасында басталады.

Конференция идентификаторы: 956 528 7998

Конференцияға қосылу коды: 123456


Басылым күні :  22.11.2021