Жамбыл Жабаевтың ақындық әлемі

Құрметті мектеп, гимназия, лицей оқушылары!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына орай 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында «Жамбыл Жабаевтың ақындық әлемі» атты Республикалық онлайн эссе байқауына шақырады.

Ұйымдастырушы:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (ф.ғ.к., аға оқытушы Е.К. Карбозов, аға оқытушы Г.Т. Оспанова). 

Эссе байқауының мақсаты мен міндеттері:

-патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту және жаңа технологиялардың көмегімен оқушыларды көркемсөз өнеріне баулу;

-оқушылардың Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру.

- оқушылардың шығармашылық ойлау менөз ойын жеткізу дағдыларын дамыту;

Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

  1. Жыр алыбы Жамбыл
  2. Жамбыл Жабаевтың ақындық шеберлігі.

Эссе байқауына қойылатын талаптар:

Жұмыскөлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін.

Жұмыс WORD форматындақабылданады.

Кегл– Times New Roman, кегл өлшемі – 14,

жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см қалдыру керек.

Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, Интернет желісіненнемесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдарқабылданбайды.

Эссе бес түрліталаптұрғысынанбағаланады:

Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай

Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай

Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай

Емле – 10 ұпай

Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай

Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:

Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.

Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.

Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.

Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.

Эсседен оқушы 50 ұпайғадейінжинайалады.

Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі:

Байқаужұмыстары 2021 жылдың 10мамырынан бастап 16мамырына дейінessaybaykay@mail.ruпочтасына қабылданады.

Тексеру комиссиясының жұмысы 17-22 мамыр аралығында жүреді. Байқау қорытындысы 24 мамыр күні әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Байқау жеңімпаздары, сәйкесінше 1,2,3 орын дипломдарымен марапатталады.

Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды. Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Байқауға ұсынылған шығармалардың тақырыпқа сай болуы басты назарға алынады.

 

 

Басылым күні :  05.05.2021