«Қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел

19.05.2023

Көрулер: 859

19 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін деңгейлеп оқыту мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел модераторы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚТБ кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Салқынбай болды. Жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚТБ кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты С.М. Иманқұлова, ҚазҰҚУ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Н. Сүлейменова, ХАТУ, Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Т. Ақыжанова, МемТДИ филология ғылымдарының кандидаты Б.С. Қапалбек, Абай атындағы ҚазҰПУ филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Ә. Ильясова, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, филология ғылымдарының кандидаты Т.Қ. Зайсанбаев, КИМЭП университеті, филология ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD) Н.Ж. Бекеева қатысты.

Аталған ғалымдар «Қазақ тілін деңгейлік оқытудың басты мәселелері», «Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-теориялық парадигмалары», «Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ұстанымдары мен құзіреттілік жүйесі», «Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында қолданылатын әдістер», «Тіл үйренушілердің қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері» атты тақырыптары аясында өзекті баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелге Қазақ тіл білімінің жанашырлары, ғалым-педагогтер қатысып, баяндамалар соңында пікір алмасу болды.

«Қазақ тілін деңгейлік оқыту мәселелері» атты дөңгелек үстелде қазіргі таңдағы жоғары оқу орындарындағы «Қазақ тілі» пәнін бір деңгейде емес, деңгейлеп оқыту мәселелері көтеріліп, ұсыныстар айтылды.