«Салауатты өмір салты» тақырыбында «Қазақстан-Қырғызстан» телекөпір

17.03.2023

Көрулер: 712

 

  

Үстіміздегі жылдың 17-наурызында ҚазҰУ шет тілдер кафедрасының оқытушылары Г. А. Гайипова мен Е. Н. Михальченко тұрақты даму мақсатына (ЦУР) сәйкес «Салауатты өмір салты» тақырыбында «Қазақстан-Қырғызстан» телекөпірін ұйымдастырды. Іс-шараға ҚазҰУ-дың "Ақпараттық технологиялар" факультетінің бірінші курс студенттері және Кыргызстандагы Ош Технологиялык Университетінің 1 курс студенттері мен аталмыш оқу орныдарының оқытушылары қатысты. Ош технологиялық университетінің студенттерінің жетекшісі Кадырбердиева Бусалима. Біздің бұл телекөпірдің мақсаты– біріншіден өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бойында салауатты өмір салтына тұрақты мотивацияны ояту болса екіншіден халықтар достығын нығайту болып табылады.

ҚазҰУ студенттері Қырғызстандық достарымен берілген тақырыптар бойынша презентациялар дайындап қызықты мәліметтерін бөлісті, содан кейін қатысушыларға КазҰУнің және ОшТУдың оқытушылар кауамы өз пікірлерін білдіріп және алғыстарын айтты. Телекөпір өте қызықты, мазмұнды өтті және әр студент осы телекөпірден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Телекөпір ZOOM платформасында ағылшын тілінде ұйымдастырылды.

Фото материалдарға сілтеме:

https://docs.google.com/document/d/1DcipeahrB9nwQB0vW_Zuegv3NhvXWje3GO4Z9M-Zt-8/edit?usp=sharing

 Сертификаттар:

https://drive.google.com/drive/folders/1kPfu2lH2RQjn5z0pqTsTHkC43CcHzqLx?usp=sharing

Видео материалдарға сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1SKEnifWK0i9d1eQbQmYM6j4kT7tQ2Ybp/view?usp=sharing