"Менің елім және оның мәдени дәстүрлері" тақырыбында постерлер презентациясы

16.03.2023

Көрулер: 624

2023 жылдың 16 наурызында Шет тілдері кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің шетелдік студенттері арасында "Менің тілім және менің мәдениетім" тақырыбында постерлер презентациясын ұйымдастырды. Наурыз-көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі қарсаңында студенттер мен оқытушылар басқа елдердің мәдениетімен жақынырақ танысып, ағылшын тілі бойынша өз білімдерін тереңдете алды. Қатысушылар өз халқының тарихындағы қызықты фактілер мен аңыздармен бөлісуге, дәмді ұлттық тағамдар туралы айтуға және өз елінің ұлттық биінің элементтерін көрсетуге тамаша мүмкіндікке йе болды. Барлық презентациялар жақсы дайындалған және өте қызықты болды.

Іс-шараға жауапты: Шет тілдері кафедрасының оқытушылары Бершина Н.В., Байтлеуова Л. А.