Ұлттық құндылықтар дәріптелді

16.03.2023

Көрулер: 603

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 13-20 наурыз аралығы «Ұлттық тәрбие апталығы» болып жарияланды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған бұл жобаға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар игі бастама деп баға берді. Апталық аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі филология факультетінің А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Күркебаев Кенжетай 16 наурыз күні «6В02305 – Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттеріне «Сан-мөлшер ұғымдарының ұлттық дүниетанымдағы көрінісі» атты ашық дәріс сабағын өтті.

Сабақта ұзындық, қашықтық, салмақ-көлем, уақыт өлшемдері туралы түрлі деректер айтылды. Олардың кейбірінің этимологиясына тоқталып, салыстырмалы талдаулар жүргізді. Әрі қашықтықты, әрі уақытты білдіретін өлшем атауларына тоқталды. Сонымен қатар сандардың философиялық, символдық ерекшеліктерін сөз етті. Сабақтың соңында студенттер берілген суреттер арқылы мақал-мәтелдер, жұмбақтар тауып, жаңылтпаштар айтты. Студенттер дәрісте алған білімдерін quizizz қосымшасындағы сұрақтарға жауап беру арқылы бекітті.

Ұлттық құндылықтарды танытуды көздеген бұл ашық сабақ өз мақсатына толық жетті.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушылары: А.Жүзбаева, С.Игілікова