Әділетті қоғам құруды қолдаймыз!
30.11.2022
Көрулер: 1048
2022 жылдың 30 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің 2-курс студенттері (кураторы – Н.Қ. Мәтбек, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы) ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. қазір және әрдайым» бағдарламасымен танысып, пікір алысты. Студенттер өзара байланысты үш қағидат негізіндегі жаңа мемлекеттік саясатты: әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам құруды қолдайды. Біз еліміз бен әлемде сұранысқа ие кәсіби маман, талантты, білімді, отансүйгіш, еңбекқор болуға ұмтыламыз, бірлік пен ынтымақты, халқымыздың тарихы мен дәстүрін қадірлейміз. Әділетті Қазақстанның жарқын болашағына сенім білдіреміз.






