Мәдениетаралық достық
Көрулер: 1156
2022 жылдың қараша айының 30-шы жұлдызында, сағат 14.30 - 15.30 аралығында “English through Culture” ағылшын тілі клубының үшінші отырысы болып өтті. Клуб отырысы 2022-2023 оқу жылының қараша айына арналған жоспарына сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Л.М.Алиярова, А.Р.Халеновалардың - ұйымдастыруымен өткізілді. Клуб отырысының үшінші отырысы «Мәдениетаралық достық» тақырыбына арналды. Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.
Клуб жетекшісі, аға оқытушы Л.М.Алиярова алдымен клуб мүшелеріне арнап құттықтау сөз сөйледі. Клуб отырысы ағылшын тілінде өтті. Үшінші клуб отырысы аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушылардың тақырып бойынша презентациялары мен баяндамаларылары тыңдалды. Төмендегі клуб мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, осы мәдениетаралық достықтың несімен ерекше екенін баяндады. Тақырып аясында студенттер плакаттар дайындап, қызықты мәліметтерімен бөлісті:
1) Жолдасбеков Амирхан - A Cultural Adventure: Food and Traditions
2) Қалмұрзаев Нұрдәудет - Discovering the World through Friendship
3) Мұхтарұлы Толыбай - A Step Closer to Becoming Multilingual
4) Мамырбек Дана - Getting By with a Little Help
Клуб мүшелері атақты Британдық «Beatles» тобының «With a Little Help from My Friends» әнін орындап, әннің мазмұнын талқылады. Клуб отырысы қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды. Кеш соңында кафедраның оқу және тәрбие ісі бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к. Айсұлтанова Қарлығаш Абдыкалыковна студенттерге өзінің жылы лебізін білдірді.
Ұйымдастырушылар:
Айсұлтанова Қ.А.
Алиярова Л.М.
Халенова А.Р.






