«Ғани –жастар өнегесі»

30.11.2022

Көрулер: 1189

Заң факультетінің 1-курс студенттерімен Ғани Мұратбаевтың 120 жылдығына орай «Ғани –жастар өнегесі» атты іс-шара ұйымдастырылды.                               Мақсаты:

- Студенттерге Ғани Мұратбаевтың қысқа ғұмыры туралы жан жақты таныстыру.

- Ғани Мұратбаевтың қоғамға сінірген еңбектерін еске алу.


  

Тәрбие сағатында «Ғани Мұратбаевтың өмірбаяны» туралы Бахытжан Тамерлан баяндамасын оқып берді. «Ғани Мұратбаевтың Комсомол ұйымы жұмысының жандануына зор ықпалы» туралы Есқара Алихан баяндама жасады.Студенттер баяндамаларды бар ынтасымен тыңдап, мол мағлұмат алды. Іс шара 2 тілде жүргізілді. Осы мерей тойға байланысты студенттер ат салысып,өз өнерлерін көрсетті. Құмарғали Әли домбырамен «Балбырауын» ,«Адай» күйлерін орындады.Тастайбекова Еңлік скрипкада классикалық музыкасын орындады.Башкеев Жәнібек Ана туралы әнін домбырамен орындады.


Домбыра шертіп,скрипкада ойнап, ән айтылып ,өлең оқылып іс-шараны жандандыра түсті және де студенттер керемет қызығушылықпен ұйымдастырылғаны байқалды.
Орта Азия мен Қазақстан жастарының ХХ ғасырдағы жалынды жетекшісі, өз заманының патриоты, көрнекті қоғам қайраткері– Ғанидың өмір жолы кейінгі толқынға ұлағат болатынына ешқандай күмән келтірмес.
23 жыл ғұмыр кешкен Ғани соңына рухани мол мұра қалдырды. Оның от жалынға оранған қайрат - жігері, болашақты болжауы, көрегендігі, іскерлігі, бойында ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық, әділдік, адалдық, шыншылдық, әлсіздерге қамқорлық сияқты асыл қасиеттер тоғысқан тұлға өнегесі - ұрпақтарға ұлағат болар мәңгілік мұра.

Ұйымдастырушы ф.ғ.к.,клуб жетекшісі К.А.Айсултанова