Үздік 12 Британдық музыкалық топтар
Көрулер: 936
2022 жылдың қараша айының 30-шы жұлдызында, сағат 14.30 - 15.30 аралығында “English Club of Song Lovers” ағылшын тілі клубының үшінші отырысы болып өтті. Клуб отырысы 2022-2023 оқу жылының қараша айына арналған жоспарына сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және де клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы - Г.А.Мусанованың ұйымдастыруымен өткізілді. Клуб отырысының үшінші отырысы «Үздік 12 Британдық музыкалық топтар» тақырыбына арналды. Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.
Клуб жетекшісі, аға оқытушы Г.А. Мусанова алдымен клуб мүшелеріне арнап құттықтау сөз сөйледі. Клуб отырысы адеттегідей ағылшын тілінде өтті. Үшінші Клуб отырысы аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушылардың өздерінің сүйікті Британдық топтары бойынша презентациялары мен баяндамаларылары тыңдалды. Төмендегі клуб мүшелері - студенттер өздерінің ең үздік Британдық музыкалық топтары туралы плакаттар дайындап, қызықты мәліметтерімен бөлісті:
1) 2Рахметкалиев Ильяс - THE WHO(Bridge Music Band) (1964)
2) Сандыбаев Ақылбек, Серғазы Диас - COLDPLAY (1996)
3) Қуаныш Әлім, Үмбет Дастан - ONE DIRECTION (2010)
4) Муратулы Марғұлан, Мұхит Нұрай - ARTIC MONKEYS (2002)
5) Жумағалиева Жанеля, Ниязғалиев Алишер – QUEEN (1964)
Студенттер үшінші клуб отырысында атақты Британдық топ “Artic Monkeys” тобы мүшелерінің жеке өмірі, музыка саласындағы жеткен жетістіктері, әндері және танымал альбомдары туралы пайдалы ақпарат берді.
Клуб мүшелері атақты Британдық әнші Джон Ленноның “Imagine” әнін орындап, әннің мазмұнын талқылады, әнге грамматикалық және лексикалық талдау жасады. Үшінші клуб отырысы қызықты деңгейде өтті. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды.






