«Функционалдық стилистика мен прагмалингвистиканың заманауи мәселелері»
27.10.2022
Көрулер: 1109
19 қыркүйек пен 14 қазан аралығында біліктілікті арттыру аясында Варминск-Мазур университетінің (Польша) профессоры А.К. Киклевичтің «Функционалдық стилистика мен прагмалингвистиканың заманауи мәселелері» тақырыбында 72 сағаттық дәрістер циклі өтті. 19-26 қыркүйек аралығында дәрістер офлайн режимде, ал 27 қыркүйектен бастап онлайн режимде жалғасты.
Ғылыми зерттеулерді орындау үдерісінің сапасын арттыру және диссертациялық зерттеулер тақырыптары бойынша семинарлар өткізу шеңберінде магистранттар мен докторанттар да қатысты. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға арнайы сертификат берілді және Скопус деректер қорында мақала жариялау бойынша ұсыныстар берілді.






