«ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ»

28.09.2022

Көрулер: 1162

2022 жылы 28 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен көрнекті қаламгерлер М.Әуэзов, Ш.Мұртаза, О.Бөкеевтің туған күндеріне арналған «ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеште студенттер үш қаламгер жөнінде баяндамалар, шығармалары бойынша монолог, сұрақ-жауап, арнау өлеңдер оқып, өзара пікір алмасты. 2курс студенті Нәрікбай Нұркен Оралхан Бөкейдің Шерханға жазған хатын ерекше мәнермен оқып бердіӘдебиетші ұстаздар Н.Сағындықов, Л.Мұсалы үш қаламгердің қазақ әдебиетіндегі ерекше орны бар екенін атап өтті. "Көкжиек" клубының төрағасы Мырзатхан Таңжира кешті қорытындылап, көркем әдебиет оқудың маңызына тоқталды. Жүргізуші Гүлім Құмарбек кешке қатысушыларға викториналық сұрақтар қойды.

   Осылайша ҚазҰУдың филология факультетінің студенттері - болашақ филологтар парасат иелері М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкейдің рухына тағзым етті