«Әуезов оқулары» байқау
30.09.2022
Көрулер: 1240
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастырумен 2022 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым, академик М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған ӘУЕЗОВ АПТАЛЫҒЫ өткізілді. Апталықтың соңғы күнінде «Әуезов оқулары» атты көркем сөз оқу конкурсы өткізіліп, оған 1-4 курс студенттерінен құрылған 5 команда қатысты. Командалар өзара Әуезовтің шығармаларынан көркем сөз оқу, шығармашылығынан көрініс қою, викториналық сұрақтарға жауап беру бойынша сайысқа түсіп, жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.






