"Ахмет Байтұрсынов бейнесі қазіргі жастар көзімен"

20.12.2021

Көрулер: 2251

2021 жылдың 20 желтоқсанында сағат 8.30-9.40-та А.Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «А.Байтұрсынұлы бейнесі қазіргі жастар көзімен». Ұлы ағартушы, ұстаз, қазақ әліпбиінің негізін салушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында "Ахмет Байтұрсынов бейнесі қазіргі жастар көзімен" атты ашық сабақ өтілді.Біздің мақсатымыз – Қазақстан тәуелсіздігі нің негізін салушы тұлғалардың бірінің бейнесін заманауи білім берудің жаңа аспектілері арқылы ұғындыру. Студенттер сабақта қазіргі жастардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін белсенді әдістерді қолданды. Атаулы іс-шараны филология және ИСУ факультеттерінің 1 курс студенттері ұйымдастырды. Сабақта кластер, "Блум түймедағы" әдісінің сұрақтары, меньталды карта, ПОПС фурсуласы сияқты жаңаша әдістер қолданылды. Сабақтың мақсаты толыққанды орындалды – ұлы ағартушы бейнесі оқытудың жаңа, белсенді әдістері арқылы сипатталды.