ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 28 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
24.08.2021
Көрулер: 1551
Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды.
Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.
❗️Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.
📥Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.
Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет.
📄Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
@bilim_jane_gylym






