Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналды

22.04.2021

Көрулер: 1786

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде шетел тілдері кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам қайраткері, журналист, этнограф, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай телекөпір өтті.

Мұндағы мақсат – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, отансүйгіштік сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Әлихан Бөкейхановтың мұрасын насихаттау.

Студенттер назарына, алдымен, Әлихан Бөкейхановтың өмірі, қоғамдық және саяси қызметі туралы бейнефильм ұсынылды. Жастар «Алаш» жалпыұлттық демократиялық қозғалысының көшбасшысы жайлы тың ақпараттармен танысты.

Шара ұйымдастырушылары ҚазҰУ доценті Г.К. Құлжанбекова мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы С.Б. Жангельдинова Әлихан Бөкехановтың 155 жылдығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғандығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ қатысушылар өз баяндамаларында Әлихан Бөкейхановтың қазақ тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрес жолына кеңінен тоқталып, өзге де мәселелер төңірегінде ой бөлісті.