ҚазҰУ туралы ең жақсы эссе

23.11.2020

Көрулер: 3577

 

2020 жылдың 23 қарашасында ZOOM платформасында филология және әлем тілдері факультеті студенттері арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы ең жақсы эссе конкурсының нәтижелері жарияланды. Іс-шараның модераторы филология және әлем тілдері факультетінің студенті Асель Псибаева болды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Рахымбай Әсел, екінші орынды Таңсықбай Феруза, үшінші орынды Адина Тимурова иеленді. Эссенің тақырыбы - ҚазҰУ - мүмкіндіктер орны. Іс-шара достық атмосферада өтті, іс-шараға қатысқан студенттердің әрқайсысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы алған әсерлерімен бөлісті.