Жаналықтар
«Темір ханым»
06.03.20212021 жылдың 5 наурызында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А. Тілеуғабылова, Л.М. Махажанова, А.О. Бекалаева және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Есеевамен бірлесіп ағылшын тілінде студенттерге «Темір ханым» фильмін көрсетіп талқылады.
«Ағылшын тағамдары әлемі»
05.03.20215 наурыз 2021 жылы филология және әлем тілдері факультеті шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Махметова Д.М., Исабаева Б.К. және М.Мырзахмет Microsoft Teams платформасында физика-техникалық факультеті мен химия және химиялық технология факультетінің бірінші курс студенттерімен «Ағылшын тағамдары әлемі» атты білім беру іс-шарасын өткізді.
8- Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған білім беру іс-шарасын
02.03.2021Филология факультеті «Шетел тілдері кафедрасының» аға оқытушысы Н.Б.Момбекова ZOOM платформасында 02.03.2021 жылы «Кадастр» мамандығының 1 курс студенттерімен 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған білім беру іс-шарасын өткізді.
«Жадымызда сақталған жарқын бейне»
02.03.202102.03.2021 ж. Филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Жадымызда сақталған жарқын бейне» атты аяулы ана, ардақты ұстаз Мамаева Макен Қасымбайқызын еске алу өтті.
«Педагогикалық компаративистика: Жапония мен Қазақстанның білім беру жүйесі» тақырыбында профессор сағаты
02.03.20212021 жылдың 2 наурызында сағат 12.00-де орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, п.ғ. д. ж. х. Салханова профессор сағаты аясында актілік дәріс өткізді.
ҚазҰУ Академик Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығын атап өтті
01.03.2021Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.
Планетамызды таза ұстайық
01.03.20212021 жылдың 1 наурыз күні «Планетамызды таза ұстайық» тақырыбында «English time» клубының отырысы өтті. Шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С. және Дүйсенбаева Ш.С. ұйымдастырған іс-шара «Жасыл кампус» жобасы аясында өтті.
Уақыт, іс, қамқорлық туралы ұмытып, не оқуға болады (қазіргі орыс әдебиеті)»
25.02.20212021 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры O.K. Әбішеваның «Уақыт, іс, қамқорлық туралы ұмытып, не оқуға болады (қазіргі орыс әдебиеті)» тақырыбында дәрісі өтті.
Қазақ тілінің функциональды грамматикасы
25.02.202125 ақпан күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінде ZOOM платформасы арқылы филология ғылымдарының докторы, профессор Әлкебаева Дина Ақбергенқызының «Қазақ тілінің функциональды грамматикасы» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өтті.






