Кластер
25.03.2021Орыс тілінен ашық сабақ 25.03.21 сағат 11.00-де ХИ 204 тобында
https://youtu.be/_Ok_V2VIxQk -орыс тілінен ашық сабақ 25.03.21 сағат 11.00-де ХИ 204
Орыс тілінен ашық сабақ 25.03.21 сағат 11.00-де ХИ 204 тобында
https://youtu.be/_Ok_V2VIxQk -орыс тілінен ашық сабақ 25.03.21 сағат 11.00-де ХИ 204
2021 жылдың 21 наурыз айында ҚазҰУ-дың филология факультетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Кайракбаева Гульназ Солтанғазықызы студенттерімен бірге және Семей қаласының қалалық Достық үйі, Семей медициналық университетінің шет тілдер кафедрасының оқытушылары мен студенттерімен бірігіп Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс – шаралар аясында "Наурыз-2021" мерекесіне орай "Мен қазақша сөйлеймін "тақырыбында онлайн іс-шара өткізді.Ұйымдастырушы: Кайракбаева Гүлназ Солтанғазықызы.
20 наурыз 2021 жылы, Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығының құрметіне арналған “Жамбыл Жабаев - ХХ ғасырдың Гомері” тақырыбында қазақ және ағылшын тілдерінде филология және әлем тілдері факультеті шет тілі кафедрасының аға-оқытушылары: Дуйсенбаева Ш.С. мен Акылова Г.С. ұйымдастыруымен үлкен көлемде онлайн іс-шара өтті.
2021 жылы 20 наурызда Zoom платформасында «Überall auf Der Welt: Niederlande, Polen und Kasachstan treffen sich» онлайн іс-шарасы өтті.
20.03.2021 Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің шет тілдер кафедра оқытушылары мен магистрантары Қазақ республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Менің Отаным Қазақстан» атты ағылшын әуесқойлар клубының отырысына қатысты. Отырыс 20.03.2021 онлайн форматта өтті. Магистранттар елімізге арналған М.Мақатаевтың өлеңдерін оқыды.
Шараны ұйымдастырған Оразаева Г.А., Мусанова Г.А.
2021 жылдың 20 наурызында сағат 18.00-де Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің «Экономика» мамандығының 1 курс студенттері және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері «Айя София» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
Клуб жетекшілері, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А 2021 жылдың 20 наурызында ZOOM платформасында “English talking club” клубының кезектегі кездесуін ұйымдастырды. Клубтың қатысушылары инстаграмга тіркелген және барлық тіл үйренші студенттер.
Оқу іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2021 жылы 19 наурызда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары «Өзіңіздің оқу іс-әрекетіңізді қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?» тақырыбында білім беру зум-семинарын өткізді.
2021 жылдың 19 наурызында «Айналанды нұрландыр!» орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Когай Э.Р. және бірінші оқу жылының магистранты Ли Нана «Әлем халықтарының мәдениеті: Қытайда Жаңа жылды тойлау» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
2021 жылы 18-ші наурызда әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасы Zoom платформасында магистранттарға арналған «Кәсіби дамуға бағытталған дағдыларды жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны онлайн режимінде ұйымдастырды және өткізді. Конференцияға алыс және жақын шетелдерден 70-ден астам жас зерттеушілер жиналып, идеялар мен ғылыми әзірлемелермен алмасу алаңы болды.