Жаналықтар
Қысқы мектеп
07.03.2022Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы және Ж. Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығы 2022 жылғы 21 ақпан – 7 наурызда өтетін Қысқы мектепті өткізді.
Қысқы мектепті ұйымдастырудың мақсаты – мәдениетаралық коммуникация, әдебиетті зерттеу мен оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар, Scopus, Web of Science базаларында индекстелетін басылымдар үшін ғылыми жарияланымдар дайындау саласында тәжірибе және білім алмасу.
Көрнекті тіл маманының ізбасарлары
11.02.2022Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті "6В02305-Қазақ филологиясы" мамандығының 3-курс студенттері Адилбек Динара және Еркінова Құралай, "6В02305-Қазақ филологиясы" мамандығының 2-курс студенті Мысырқызы Маржандарға профессор Р.С. Әмір атындағы атаулы шәкіртақы табысталды.
«Layered teaching: how to develop language and the mind»
02.02.20222022 жылдың 2 ақпанында сағат 15:00-де ZOOM платформасында профессор Крис Кортен шет тілдері кафедрасының оқытушыларына : «Layered teaching: how to develop language and the mind» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс интерактивті режимде өтті, ол, өз кезегінде, белсенді және қызықты атмосфераны құрды.
Ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері
31.12.20212021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандар мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.
«Фольклор және түркі халықтары әдебиетіндегі мифология»
30.12.2021Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты, Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-зерттеу орталығының» директоры А.А. Мауленовтің «Фольклор және түркі халықтары әдебиетіндегі мифология» атты монографиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан жарияланған Түркология саласындағы зор жетістіктері үшін тағайындалған «Күлтегін» атындағы сыйлыққа ие болды.
«Жыл адамы – 2021»
26.12.2021Газеттің мәліметі бойынша: «Қазақ үні» және Quzaquini.kz Ұлттық порталы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Жыл адамы – 2021» атағына ие болды.Филология факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы Жансейіт Қансейітұлын осынау маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтайды.
"Ахмет Байтұрсынов бейнесі қазіргі жастар көзімен"
20.12.20212021 жылдың 20 желтоқсанында сағат 8.30-9.40-та А.Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «А.Байтұрсынұлы бейнесі қазіргі жастар көзімен»
«Астана» халықаралық қаржы орталығы
11.12.20212021 жылдың 11 желтоқсанында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Айсултанова Қ.А., Алиярова Л.М., Тілеуғабылова З.А. және Назарбаев Университетінің докторанты Еселбаев Рауан «Астана халықаралық қаржы орталығы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара 1 курс магистранттары арасында өтіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
Мұқағали Мақатаев – жан мен жүрек поэзиясы
10.12.2021«Менің поэзиям, егер мен өлсем, сен тірі жүр»- деп жырлап, өз ісін жанымен сүйген Мұқағали Мақатаев атамыз дүниеден ерте кетпегенінде, биыл 90 жасқа толар еді. Өзіне бұйырған 45 жыл ішінде ақын бар дүниетанымын, ақындық қасиетін қағаз бетіне түсіріп, қазақ әдебиетіне өзінің өшпес таңбасын қалдырды. Ғажайып ақынымыз кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Бұл әрекетімен ол қазіргі таңдағы ұрпақты берілмеуге, арманына жетуге баулыды.






