Іс-шаралар

Бүкіләлемдік радио күні және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы

17.02.2020

Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен 2020 жылғы 13-15 ақпанда Бүкіләлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті. 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚ ПУБЛИЦИСТЕРІНІҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ТАНЫМЫ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНДА

09.02.2020

Жақында журналистика факультетінде «Публицистің шығармашылық шеберханасы» пәнінің аясында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Римма Жақсылықбаева 3-курс студенттерімен біріге отырып, «Қазақ журналистикасының ақмылтық майталмандары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Ерекше әсерге толы дәрісте төрт топтың студенттері жеке публицистер шығармашылығына қатысты қойылымдар қойып, сол арқылы қазақ журналистерінің публицистикалық еңбектері мен редакторлық шеберліктерін, азаматтық болмысын көрсете білді.

Ары қарай оқу >>

VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ #WSJC2020 - #WorldRadioDay #AlFarabi1150

03.02.2020

2020 жылы 13-15 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Радио – баршаға арналған платформа: идеялар генерациясынан инновацияға» VІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді. 16-26 ақпан 2020 жыл он-лайн режимде жұмысы жалғасады.

Ары қарай оқу >>

«Short stories» номинациясы бойынша 2-орын

11.11.2019

2019-20 оқу жылын әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті жағымды  халықаралық дәрежедегі жаңалықпен қарсы алды. Факультеттің ардагер ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор  Клара Қабылғазина Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» деп  аталатын ашық  шарада «Short stories» номинациясы бойынша 2-орын алып, халықаралық деңгейде еңбегі еленді.

Ары қарай оқу >>