Кафедра базасы ұлғайды

19.02.2020

Көрулер: 1695

2020 жылы 16 қаңтарда   "Қазақ газеттері" ЖШС мен Журналистика факультеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оқу шығармашылық зертханасы ашылған. Енді Журналистика факультеті студенттері   "Қазақ газеттері" ЖШС редакциясының шығармашылық-өндірістік базасында білімін жетілудіруге мүмкіндік алады. Шара барысында "Ана тілі" газетінің журналистері студенттермен кездесу өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Жиынның кіріспе сөзін ашқан газеттің бас редакторы Жанарбек Әшімжан өз сөзінде көптеген мәселелерді әңгіме өзегіне арқау етіп, студенттер тарапынан қазақ журналистикасының дамуына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында кездесуді ұйымдастырып отырған басылым өкілдері университетке, Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлына, кафедра меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаеваға алғыстарын айтып, алдағы уақытта мұндай жүздесулердің көптеп өтіп тұруына тілектестігін білдірді.