«Short stories» номинациясы бойынша 2-орын

11.11.2019

Көрулер: 1611

 2019-20 оқу жылын әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті жағымды  халықаралық дәрежедегі жаңалықпен қарсы алды. Факультеттің ардагер ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор  Клара Қабылғазина Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» деп  аталатын ашық  шарада «Short stories» номинациясы бойынша 2-орын алып, халықаралық деңгейде еңбегі еленді.Бұл шараға Европа, Азия мемлекеттерінен жазушылар, ақындар, суретшілер қатысты. Халықаралық марапатты К.Қабылғазинаға Лондоннан келген аудармашы, жазушы SIMON тапсырды.