Жаңалықтар

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ

12.12.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде онлай режимде «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» атты I Халықаралық ғылыми-экологиялық форум өтті. Бұл форумда қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемаларды талқылау және шешу жолдарын қарастыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Smart Marketing and Logistics орталығы құрылды

09.12.2020

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды.

Орталық қызметінің бағыты оқу-ағарту қызметі, ғылыми мектептер мен пәнаралық курстар құру, консалтинг, сондай-ақ халықаралық гранттық конкурстарға қатысуға арналады. Орталықта пандемия кезіндегі электронды сауда, азық-түлік жеткізудің "Ақылды" тізбектері, пандемиядағы логистикалық процестер сияқты ғылыми мектептер дамып келеді.

Ары қарай оқу >>

«Абай - Дана, Абай - Дара қазақта» атты онлайн тәрбиелік мақсаттағы іс-шара!

08.12.2020

«Абай - Дана, Абай - Дара қазақта» атты онлайн тәрбиелік мақсаттағы іс-шара!

2020 жылдың 8-желтоқсан күні «Абай - Дана, Абай - Дара қазақта» атты Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара өтті. ОЗХТ және Химия мамандықтарының 1-4 курс студенттері (ОЗХТ 402-404, ХИ 214, ХИ 101) мен физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұстаздары х.ғ.к., доцент м.а. Г.Ж. Жақсылықова, х.ғ.к., аға оқытушы Ф.М. Канапиева, PhD, аға оқытушы Н.Ж. Құдайбергенов ұйымдастырды.

Студенттер белсенділік танытып Абай өлеңдері мен әндерін және қара сөздерін оқып рухани азық алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері – құқықтық олимпиада жеңімпаздары

04.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен Халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиадада жеңіске жетті.

Республикалық пәндік олимпиада онлайн-форматта ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ «Web of Science Awards-2020» көшбасшы атанды

25.11.2020

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым көшбасшысы – Web of Science Awards-2020» беделді сыйлығының үш номинациясында үздік атанып, рейтингтік ғылыми басылымдарда қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшылық позициянын растады.

Clarivate Analytics халықаралық компаниясының тәуелсіз сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі онлайн форматта өтті.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми жұмыстар конкурсы

25.11.2020

№198 мектептің 10 сынып оқушылары (Түрксіб ауданы, Алматы қаласы) Бермағанбетова Қымбат және Аманбаева Жансая "Дарын"жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша ғылыми жұмыстар байқауының қалалық кезеңіне қатысты. Жұмыс № 198 мектептің химия пәні мұғалімі Баян Танабаеваның, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының оқытушылары Рахым Ақмарал Бахытжанқызы және профессор Сейлханова Гүлзия Амангелдіқызының жетекшілігімен жүргізілді. Жұмыс физика-химиялық әдістердің көмегімен топырақ экологиясын зерттеуге арналған.

Ары қарай оқу >>

ТАРИХИ ШЕЖІРЕЛІ КІТАП

20.11.2020

Әл-Фараби кітапханасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Мағазбекқызының «Қасірет пен тағдыр» және «Үзілмеген үміт» жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, журналистка факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі болып тағайындалды

20.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары - химия ғылымдарының докторы, профессор, физикалық химия және электрохимия кафедрасының меңгерушісі Оспанов Хабибулла Құсайынұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Джунушалиев Владимир Джумакадырович - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі болып тағайындалды.

Осындай атаулы іс-шарамен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Г.М.Мутанов құттықтап, ғалымдардың ғылым мен университеттің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, олардың жетістіктері жас ғалымдар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға шабыттандыратынын ерекше атап айтты.

Ары қарай оқу >>

АҚШ-ТА «ӘЛ-ФАРАБИ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

20.11.2020

Ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Американың Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қоры (ӨЫАҚ) арасындағы өзара келісім бойынша Мэриленд қаласында (АҚШ) құрылады.

Бұл өркениеттердің ұлы философы – әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан айтулы жылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды оқиға болмақ.

Орталық Қазақ ұлттық университеті есімін абыроймен алып жүрген адамзаттың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алтын энциклопедиялық мұрасын ілгерілету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі бірегей халықаралық алаңға айналады.

Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қорының басты миссиясы түрлі конфессияға жататын халықтар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын дамыту.

Ары қарай оқу >>