АҚШ-ТА «ӘЛ-ФАРАБИ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

20.11.2020

Көрулер: 1448

Қор басшысы Мохамад Башар Арафат атап өткендей: «Осы тұрғыдан алғанда, әсіресе пандемия және әлемдік экономика мен саясаттағы терең өзгерістер жағдайында қазіргі әлемде әл-Фарабидің рухани мұрасына жүгінудің маңызы аса зор. Әл-Фарабидің ілімі қайырымды және кемелді қоғамға қол жеткізу жолында бірігу әрі ынтымақтастық идеяларын негізге алған, сондай-ақ, бұл идеялар бүгінгі күні жаңа қауіп-қатерлерге тап болған әлем үшін ерекше өзекті».

Жуырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ Джордж Вашингтон атындағы Америка университетімен бірлесіп ұлы ойшылдың мерейтойына арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді. Университет әлемнің түрлі елдерінде әл-Фарабидің 12 орталығы мен үйін ашып, белсенді жұмыс жүргізуде. Осындай Орталық Америкада алғаш рет ашылады.

АҚШ-та «әл-Фарабидің» алғашқы орталығын ашу туралы уағдаластық адамзат ойшылының тұлғасына деген жоғары құрметтің және оның гуманистік мұрасына ерекше қызығушылықтық белгісі ретінде бағаланады.      

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белсенді халықаралық қызметі және оның америкалық әріптестерімен тиімді өзара әрекеттесуі, Мэрилендтегі «әл-Фараби» орталығына ұлы философтың мұрасын еліміздің бренді ретінде зерделеу мен ілгерілетудің, сондай-ақ жердің батыс жарты шарында Қазақстанның тілі мен мәдениетін дәріптеудің озық орталығы болуға мүмкіндік береді.

www.kaznu.kz