Студенттік өмір

 

Студенттік декан 

Байланыс номері 

E-mail: 

Қуанышбай Наргиза Бақтыбайқызы

87087610192

nargiza.kuanyshbay290501@gmail.com

Көмекшілері:  

  

  

Кустубаев Нуркен Серикулы

87082717697

nkustubayev@bk.ru

Абуов Жан Бекзатұлы

87475152520

agent_0007007@mail.ru

Тлеубердинова Аружан Амангельдиновна

87477427746

atleu.02@mail.ru

Канабек Диана Маратқызы

87786072591

 diana.kanabek@mail.ru 

Сақып Дулат Мергенұлы

87086024574

sakyp.dulat02@icloud.com

Instagram

Хим фак

@chemfac_kaznu

Маслихат


ҚазҰУ Студенттер Сенаты - озық ойлы, креативті патриот жастардың бір ортаға жиналып, әлеуметтік, инновациялық жобаларды іске асыратын ұйым. Сенат - таланттыларды даралайтын, студенттік құндылықты ерекшелейтін жастар ордасы. Сенатпен өзіңді тануға қадам жаса!!!

Маслихат деген не?

Химия және химиялық технология факультеттің студенттер – әр мүшелері Мәслихат мүшелері кіретін студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы.

Маслихаттың мақсаты студенттер қызығушылығын университет басшылығының алдына ұсыну, халықаралық, мемлекеттік және университетаралық деңгейде университет имиджін жоғарылату және нығайту, қоғамдық өмірдің бастапқы функционалды бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу және жүйелі жұмысты ұйымдастыру, студенттерде басқару қызметінің біліктіліктерін дамыту және ішкі потенциалдың жүзеге асырылуына көмек көрсету, университетте оқу процесінің тиімділігін жоғарылату, студенттердің белсенді өмірлік және азаматтық позициясын жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау, университет және факультет деңгейінде студенттердің өзін-өзі басқару механизмдерін жоғарылату бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Студенттер маслихат өзінің міндеттерін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

Мәдени-жалпыламалық бағыт (студенттердің әр түрлі қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін қызығушылықтары бойынша ұйымдар құру және жүргізуді ұйымдастыру және т.б.,  мұражайларға, театрларға, жәрмеңкелерге баруды ұйымдастыру және т.б.).

Спорттық бағыт (спорттық жарыстар жүргізу, қызығушылықтары бойынша спорттық клубтар мен секциялар ұйымдастыру, спартакиада, чемпионат туралы ақпараттарды студенттерге жеткізу, сонымен қатар дене шынықтыру және спорт жаттығулары үшін жағдай жасау, университеттің спорттық жетістіктерін баяндау және т.б.)

Малихат көп нәрсені үйретеді: Ректордың тақырыптық жобалары бойынша қызықты іс-шараларды ұйымдастырудағы командалық жұмысқа, сенің потенциалыңды ашуға, сендегі Көшбасшылық қасиетті оятуға, оқу процесінің тиімділігін жоғарылатуға, белсенді өмірлік және азаматтық позицияны құруға көмектеседі, салауатты өмір салтының пайдасын насихаттап, қызықты және перспективті адамдармен танысуға мүмкіндік туғызады, өз уақытын бағалауға және белсенділікті оқумен қатар алуға үйретеді, сонымен қатар студенттер талантын дамытуға әсерін тигізеді.

«Маслихат» төрағасы: Қайырбеков Дастан Сәбитұлы.

Телефон: 8-747-102-07-08.

Электронды пошта: maslikhat_himfak@gmail.com

 

«Сұңқар»

ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Кәсіподақ 1999 жылы 14 сәуірде құрылды. Кәсіподақтың негізгі мақсаты – ҚР заңдарына сәйкес ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау.

 


«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының қоғамдық бірлестігі

ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар  үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.

Студенттер мен магистранттар кәсіподағының мақсаттары мен атқаратын қызмет түрлері: 

– Қазақстан Республикасының бекітілген Заңына сәйкес ұйымдасқан қорғау мен ұсыным негізінде өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын ұйымдасып қорғау, жағдайды жақсарту, мүшелерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау, бірігіп әрекет етіп:

- қарастырылған Заңға сәйкес стипендиялар мен жәрдемақылардың уақытылы түсуін қамтамасыз ету;

- еңбек етуге, оқуға қауіпсіз жағдайлар жасау;

- шығармашылық еңбек ету мен оқуға жағдай жасау;

- медициналық көмек көрсету, емделу және демалуға, тұрмыстық-үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасау және т.б.;

- жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету.

Студенттер мен магистранттар кәсіподағына мүше болу.

Кәсіподақ мүшесі болып кез келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алатын Жарғыны және оның барлық талаптарын қабылдаған азамат бола алады.

Студенттік кәсіподақ мүшесі келесі құқықтарға ие:

- шығармашылық және рухани еркіндікке;

- Студенттік кәсіподақ құзырлығындағы барлық шығармашылық, заңгерлік және әлеуметтік көмектерді алуға;

- бекітілген тәртіпте санаторлық-курорттық немесе басқа да емдік-сауықтыру мекемелеріне жолдама алуға;

- кәсіподақ өткізетін барлық қоғамдық іс-шараларға қатысуға. 

«Сұңқар» төрайымы : Файзулла Сағыныш Ержанқызы.

Телефон: 87471614186.

Электронды пошта: sunkar_himfak@gmail.com


 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер Кеңесібұл ең алдымен ҚазҰУ-дың белсенді жастары. Олардың негізгі міндеті - ҚазҰУ қалашығын гүлдендіру және жатақхана тұрғындарының тазалығын, тәртібін қадағалау ғана емес, сонымен қатар жатақхана өмірін жандандыру мақсатында мәдени іс-шаралар (спорттық, рухани, би кештері, дебаттар, ойын-сауық кештері) байқаулар ұйымдастыру. Жоғарғы Студенттер кеңесінің жастардың патриоттық рухын дамытуда, жауапкершілігі мол тұлға ретінде қалыптастыруда, өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамытуда айтарлықтай зор үлесі бар. Аталмыш студенттер кеңесі үшін жатақханадағы әрбір студент маңызды. Өйткені, Студенттер Кеңесі студенттердің жатақханаға орналасуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік және басқа да құқықтарын қарастырып, олардың мүдделері мен мәселелерінің шешімдерін жатақхана төрағаларымен, студенттік кеңес мүшелерімен ақылдаса отырып табуға тырысады.

Жоғары студенттік кеңес танымал ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен, Қазақстандық эстрада жұлдыздармен кездесу ұйымдастырады, конференциялар мен әр түрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді. Сол себепті Cтудент кеңесі жастардың дамуында ерекше орын алады.

Жоғары студент кеңсесінің мақсаттары: 

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңын орындау;

- Университет жастары мен студенттерінің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;

- Жатақханаларда тұратын студенттердің азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту;

- Студенттік жастардың отансүйгіштік рухын үйлесімді дамыту;

- Қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау.

Ұйымның қызметтері: 

- Cтуденттік кеңестің жоспарын құрастыру, сондай-ақ жатақхана жұмысының жылдық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

- Жатақханада тұратын студенттердің аттестациялық жұмысын жүргізуді жатақхана төрағаларынан талап ету;

- Жатақханаға студенттерді орналастыру туралы шешімнің қабылдануын қадағалау;

- Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

- Жатақханада тұратын студенттерді жатақханадағы және университеттегі мәдени-жалпыламалық және басқа да іс-шараларға қатыстыру.

Cтуденттер кеңесінің төрайымы: Тұрғанбек Балнұр Болатбекқызы 

Телефон: 87753345113

Электронды пошта: turganbek.balnur@mail.ru

 

 

Әлемді жақсылықпен тербетуге, мейіріммен жұбатуға, қолдаумен жәрдемдесуге, көмек қолымен алға жетелеуге өз үлесін қосуға дайын студенттердің бірлестігі - "Көмек" қоғамдық қоры. Біз қазір әлемде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың куәсі бола отырып, жер бетінде жақсылықтың таралуына, үстем болуына мейлінше өз үлесін қосуда еңбектенетін жандардың қатарынанбыз. Біз - көмекке мұқтаж жандардың барлығына, үлкені мен кішісіне мейлінше жәрдем етуді өз мақсатымыз деп білетін студент жастардың бірлестігіміз. Біздің мақсатымыз - жақсылыққа үндеу, жақсылықтың таралуына еңбек ету және жан жылуымен бөлісу. Сіз де біздің қатарымыздан табылыңыз!

«Көмек» – бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде құрылған халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына көмек көрсету мақсатындағы еріктілер жұмысынның ұйымдастырылуымен айналысатын студенттер қауымы. 

Жобаның негізі:  

Біздің болашағымыз - жастардың қолында. Қоғамның қалыптасуына жас ұрпақтың маңызы зор. Еріктілік жұмыс – бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін танытатын, әлеуметтік жауапкершілікке, патриотизмге, көшбасшылық қасиеттерге, студенттерді бірін-бірі түсінушілікке және қолдауға тәрбиелейтін кең ауқымды қызмет түрі. Біздің мақсатымыз жастар энергиясын өздерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоғам пайдасына бағыттау. Біздің жоба жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, түзету мектебіндегі балаларға, аутизм және ісік ауруларымен ауыратын балаларға, сонымен қатар еріктілік көмекке мұқтаж қарттарға еріктілік көмек ұйымдастыруға негізделген. Сонымен бірге мұнда формальді емес білім аясында интермәдени қатынасқа, бітімгершілікке, келіспеушілікті шешуге, экологияны қорғауға бағытталған балалармен жұмыс та кіреді. Сонымен қатар балалар үйінің аясынан шықпайтын, сүйіспеншілік, ерекше көңіл, ауқымды қарым-қатынас және үй жылуы жетіспейтін балалармен шаралар өткізіледі. Ондай балалардың шектеулі аумақта өмір сүріп, сыртқы ортамен еркін қарым-қатынас жасау мүмкіншіліктерінің болмауы және өмірді нашар бағамдайтыны белгілі. Сол себептен олармен үнемі жұмыс істеу керек. Өкінішке орай, тәрбиешілерге оған уақыт жетпейді. Сондықтан біздің университетіміздің және басқа да ЖОО-ның студенттері бұл жұмысқа ат салыса алады. Тұрақты жұмыс жасайтын студенттік жастардан құралған біздің жобамыз көптеген балалар үйін қамти алады. Ал ең бастысы, көптеген балаларға өмірде өз жолын табуға көмектеседі!

Мақсаттары: 

1.    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студент жастарының әлеуметтік жауапкершілігін, бір-біріне көмектесуін және қолдауын дамыту.

2.    Студент жастарға патриотизм, көшбасшылық қасиет, экологиялық, эстетикалық, этикалық және еңбек тәрбиесінің негізін ендіру.

3.    Моральдық және физикалық көмек көрсету.

4.    Балалардың аурумен күресу деңгейін жоғарылату.

5.    Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық (репетиторлық) көмек көрсету.

"Көмек" Қоғамдық Қорының төрайымыҚуантай Назгүл Қалижанқызы

Телефон: 87758738540

Электрондық пошта: Himfak.komek@gmail.com

 

 

Бүгінде Болон үдерісі бойынша студенттік бюро - студенттердің академиялық мәселелері бойынша мүдделері мен қызығушылықтарын қорғау және қолдау көрсету мақсатында құрылған ұйым. Ұйым үшін ең маңыздысы - сенім болып. Студенттердің тәуелсіз тұлға ретіндегі сенімдері аса маңызды. Біздің міндетіміз оңай емес, бірақ шынайы. Біз университетімізідің білім беру саясатының ашықтығы мен сапасын жоғарлатуға ұсыныстар айтамыз.

БҮбСБ – бұл университет әкімшілігі және студенттер сұхбатының жаңа форматы. Біріншіден БҮбСБ шиеленісті оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық және түсіндірмелік жұмыстар жасайды.

Ұйымның міндеттері:

1. Оқу үрдісін басқаруға  студенттердің қатысуының белсенділігін арттыру:

- жоғары оқу орнында білім берудің сапасын арттыруға ұсыныстар мен ескертпелер енгізу саясатының ашықтығын енгізу;

- студенттердің өздерінің білім траекторияларын құруға толықтай қатысуын қамтамсыз ету.

2. Сапалы білім беру саясатын жүзеге асыру:

- емтихандардың дұрыс жолмен тапсырылуын қадағалау;

- білім алу сапасының мониторингін жасау.  

3. Ішкі академиялық ұтқырылықты дамыту.

4. Шетел азаматтарын қолдау.

5. Студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын белсенді түрде арттыру.  

Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның мақтанышы "Advice" студенттерді қолдау орталығы.  Орталық бүгінде әкімшілік пен студенттердің сұхбат алаңына айналған. Мұнда оқу үрдісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, ескертулер мен ұсыныстар қабылданады. Әр түрлі сұрақтар бойынша студенттер анонимді түрде немесе жеке түрде келіп кеңес ала алады. Орталықта студенттердің өзі жұмыс жасайды: олар жоғары курстың университеттің академиялық саясатын меңгерген,  басқа да нормативті-құқықтық құжаттарын білетін студенттер. Мұндай тәжірибелер әкімшіліктің студенттермен байланысын реттейді. Орталықтың басты мақсаты да студенттердің сенімін және конфиденциалдығын сақтау болып табылады.

БҮбСБ-ң танымал жобалары:

·SSS (Super Smart Student) Al'farabi Smart City жобасы аясында, кезеңдер бойынша өткізілетін интеллектуалдық сайыстар нәтижесінде біз университетіміздің ең ақылды студентін анықтаймыз.

· «Табысқа бастар жол» атты жыл сайынғы білім беру бағдарламалары, шәкіртақы және бос орындар жәрмеңкесі.

· «Таза сессия» жобасы. Емтихан кезіндегі мониторинг, бейне бақылау.

· Жыл сайынғы оқу ісі жөніндегі проректордың барлық факультеттердің топ басшыларымен, сондай-ақ ҚазҰУ-да оқитын шетелдік студенттермен кездесуін ұйымдастыру.

Әрбір студент өз дауысын білдіруге құқылы және Қазақ ұлттық университетінің Болон үдерісі бойынша студенттік бюросы осы мақсатта жұмыс істейді. Біз әрқашан да бізге арқа сүйеген және біздің қатарымызға қосылғысы келген студенттер үшін қуаныштымыз!

"Болон үдерісі бойынша студенттік бюро" төрағасы: Оспанов Темирлан

Телефоны: 87075526547

Электрондық пошта: Himfaksbbp@gmail.com

 

 

 

Студенттердің ғылыми қоғамы – студенттерді ғылымға баулу, түрлі ғылыми жобаларға, конференцияларға, студент бизнес инкубаторларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға шақыру, студенттің өмірін ғылым саласы бойынша қызықты, жан-жақты етіп өткізетін ұйым. Әр студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін өзін-өзі дамыту үшін қандай да бір деңгейде ғылыммен айналысуы керек. Ғылым студенттің өз саласы бойынша ізденуіне, еңбектенуіне мүмкіндік береді және сол арқылы жақсы маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл ұйым сонымен қатар түрлі интеллектуалды ойындар, іс-шаралар, білімге бағытталған сайыстар өткізумен айналысады. Осы айтылғандар студенттің ой-өрісін дамытады, жан-жақты көзқарасын кеңейтеді, білсем екен деген құштарлыққа жақындатады.

СҒҚ –білімге, дамуға, жаңа белестерді бағындыруға құштар жастардың басын біріктірген

үлкен отбасы.

«Студентердің ғылыми қоғамының» төрайымы: Әділхан Арайлым Болатбекқызы.

Телефон: 87751237054 

Электронды пошта: arai_adilkhan@mail.ru

 

ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖҚ-ның өкілдігі 2014 жылдың қаңтар айында құрылып, өз жұмысын бастады.

ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖҚ студент жастардың патриоттық сезімдерін оятатын, рухтарын көтеретін мерекелік шаралар өткізіп отырады. Сондай-ақ «Жас Отан» ЖҚ-ның өзіндік жобаларын да жүзеге асырады. Мысалы: «Ардагерлерді ардақтайық», «Қазақша сөйлесейік», «Жастар-Отанға» т.б жобаларына байланысты түрлі іс-шаралар өткізеді.

 

Алғаш рет 2014 жылы ҚазҰУ-да «Жас Отан» ЖҚ бөлімшесі ұйымдастырылып, өзінің белсенді жұмысын бастады. ҚазҰУ «Жас Отан» ЖҚ жастардың отансүйгіштігін оятуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар, «Жас Отан» ЖҚ жеке жоспары да жүзеге асырады.
«Жас Отан» ЖҚ міндеттері:
- демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құруға жастарды тарту;
- жастарда қазастандық отансүйгіш және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін, республикалық рәміздерге, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен тілге деген құрмет қалыптастыру;
- Қазақстан Респбуликасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ықпалдастық таныту;
- жастардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да құқықтарын қорғау қызметіне араласу;
- жастарды қазақстандық демократияны бекітуге, әлеуметтік және экономикалық сфераларды дамуытуға тарту;
- жастар мәдениетін дамытуға қолдау көрсету, жастардың кәсіби, интеллектуалдық және білім деңгейін көтеру;
- білім, салауатты өмір және еңбекті дәріптеу;
- жастар кәсіпкерлігін дамытуға үлес қосу, жас азаматтадың Қазақстанда жұмысқа орналасуына көмек көрсету;
- жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және жүзеге асыру;
- жастардың физикалық, рухани жетілуіне және өмір жағдайларының жақсаруына әсер ету, спорт, туризмді дамыту; 
- жастарды аға буынға деген құрметке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
- жастар және жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс бойынша құзыретті ұйымдармен селбестік таныту;
- талантты жастарды іздеу, оларға таланттарын танытуға мүмкіндік беру;
- білім мен ғылымның, мәдениет және өнердің, қоршаған ортаны қорғаудың  әр түрлі салаларында жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ақпараттық жұмыстар жасауын ұйымдастыру және қолдау;
- «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» ЖҚ міндеттерін халыққа түсіндіру және таныстыру;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келмейтін, «Жас Отан» ЖҚ негізгі мақсатына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.

 

Біз тек ғана алға ұмтыламыз, бізбен бірге болыңыздар! Біздің Елбасымыз айтқандай «Болашақты бірге қалаймыз»!

"Жас Отан " ЖҚ төрайымыМекемтас Камила Жанарыскызы

 

Телефоны:  87005221020 

Электронды пошта: Himfak_jasotan@gmail.com

 


Құқықтық тәртіп сақтау жасағы (ҚТСЖ) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің бірігуінен тұратын, ҚазҰУ қалашығындағы тәртіп пен тыныштық жұмыстарымен айналысатын ұйым.

Құқықтық тәртіп сақтау жасағы студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, студенттердің құқығын қорғау мақсатында жұмыс жасайтын ерекше ұйым болып табылады. Студенттердің теріс қылықтардан аулақ болуын, студенттер үйінде тәртіп бұзушылықтың орын алмауын және пайдалануға тыйым салынған қауіпті заттардың болмауын қамтамасыз ету барысында Құқықтық тәртіп сақтау жасағы жұмыс жасайды.

Жоғарғы «Құқықтық тәртіп сақтау жасағы» ұйымының басшысы: Сапарали Аружан Курмангазыкызы

Телефон: 87086656123

Электронды пошта: sparali030501@mail.ru