ҚазҰУ студенттері – құқықтық олимпиада жеңімпаздары

04.12.2020

Көрулер: 1468

PhD докторы Л.Б. Нысанбекова мен Халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары дайындаған команда құрамына Қ. Талғатова, Д. Ерболов, А. Абдуллина, Б. Мереке, К. Абдыкасым кірді. Қатысушылардың барлығының сабақ үлгерімі жақсы, ұйымдастырушылық қабілетке ие, әрі халықаралық қатынастар факультеті өткізетін шараларға белсенді қатысады.

ҚазҰУ командасы барлық тест тапсырмалары мен «Халықаралық жеке құқық» пәні және кейстердің шешімі бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Кезеңдердің бірі «Халықаралық жария құқық» пәні бойынша ағылшын тіліндегі блиц-сауалнама да өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте бірінші орынды Қ.Талғатова, екінші орынды А. Абдуллина, үшінші орынды Б. Мереке иеленді. Бұл халықаралық құқық кафедрасы мен халықаралық қатынастар факультетінің мерейтойына арналған тосын сый болды.

Келесі олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде өтетін болады.