Жаңалықтар

QS Forum 2019

19.09.2019

Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар, "Мұнайхимиясы" мамандығының PhD студенттері биыл ҚазҰУ қабырғасында өткен QS Forum 2019 форумының бірінші күнінде болды. Халықаралық ынтымақтастықты орнату және әлем бойынша алдыңғы қатарлы оқу орындарының тәжірибесін қабылдау университет және химия және химиялық технология факультеті үшін басымдықтардың бірі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Малайзиялық әріптестермен кездесу

18.09.2019

QS Worldwide 2019 конференциясы мен SUN V Бас ассамблеясына қатысушы ретінде Малайзия мемлекетінен келген Петронас технологиялық университетінің делегация құрамымен факультетте білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағытында өзара ынтымақтастық аясында кеңінен пікірталас, сұрақ-жауап деңгейінде кездесу өтті. Факультеттің деканы, кафедра меңгерушілері ғылыми-зерттеу бағыттары және білім беру саласындағы академиялық ұтқырлық, қос дипломды бағдарламалар және студенттерді алмасу жайында атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақта жүзеге асыруға мүмкін болатын міндеттердің механизмін терең талқылап ортақ шешім қабылдады.

Ары қарай оқу >>

“BABES-BOLYAI” (Romania) университетінің оқытушылары физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында “BABES-BOLYAI” (Romania) университетінің оқытушылары

03.05.2019

асс.профессор, доктор Alexandra Ana CSAVDARI, асс.профессор, доктор Castelia Eugenia CRISTEA, профессор, доктор Vasile Mircea CRISTEA әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетіне келді. Аталған оқытушылардың келуі Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 15-20 сәуір аралығына жүзеге асады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ИИДМБ – II өнеркәсіптеріне арналған 80 маман шығарды

29.04.2019

15 сәуір 2019 жылы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінде Қазақстан Республикасының индустриалдық - инновациялық дамуы Мемлекеттік мамандарды даярлау жобасы аясында дайындалған магистратура деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын аяқтаған магистранттарға салтанатты түрде диплом тапсырылды.

Ары қарай оқу >>

Ең үздік студенттік топ – 2019

23.04.2019

«Cұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен жылына бір рет өтетін «Ең үздік студенттік топ – 2019» сайысы өз мәресіне жетті. Төрт кезеңнен құралған сайысқа 12 факультет қатысып, химия және химиялық технология факультетінің екінші курс студенттерінің «Химия - 201» тобы (куратор-эдвайзері жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мылтыкбаева Лаура Каденовна) жеңіске жетті. Студенттер кубок және дипломмен, сонымен қатар Нұр-Cұлтан қаласына жолдамамен марапатталды.  

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ»

19.04.2019

2019 жылдың сәуір айының 12 жұлдызында «ҒЫЛЫМ» күніне орай халықаралық «Фараби оқулары» мен жас ғалымдарға арналған «Фараби әлемі» атты конференциясының салтанатты жабылу іс-шарасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев М.М. мырза «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы» сайысының қорытындысымен таныстырып өтті.

Ары қарай оқу >>

Химия көшбасшысы

19.04.2019

Осы жылдың сәуірдің 19-шы жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алматы қаласының ЖОО-нан 10 команда: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚаҰМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТЗУ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысқан «League of сhemists» атты дәстүрлі жыл сайынғы конкурс өтті.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз! Құттықтаймыз! Құттықтаймыз !!!

15.04.2019

VI Әл-Фарабидің «Әл-Фараби және қазіргі заман» форумының қорытындысы бойынша, 2019 жылдың 12 сәуірінде ғылыми іс-шаралар қорытындысы бойынша «ҚазҰУ 2019-ның үздік жас ғалымы» байқауы өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушылары PhD Ермолдина Е.Т. және PhD Джелдыбаева И.М. «2019 жылғы үздік жас ғалым» дипломымен марапатталды. Жас және талантты әріптестерімізді құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, жемісті ғылыми қызмет және жаңа биіктерді бағындыра берулеріңізді тілейміз!

Ары қарай оқу >>