Жаңалықтар

ҚАЗҰУ-ДА AVEVA ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

19.11.2020

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінде, Химиядағы есептеу әдістері оқу зертханасында «AVEVA Group plc» Британиялық компаниямен бірлесе отырып 2020 жылғы 18 қарашада «AVEVA химия-технологиялық үдерістерін инженерлік жобалау орталығының» ресми ашылу рәсімі өтті.  

 Ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірінші проректоры профессор Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы, AVEVA өнімін статегиялық дамыту бойынша Вице-президенті Julien de Beer мырза, химия және химиялық технологиялар факультетінің деканы Тасибеков Хайдар Сүлейменұлы, сонымен қатар кафедра, лаборатория меңгерушілері және факультет докторанттары қатысты. Жоба мұнай - газ, энергетика, химия және кеме жасау өнеркәсібінде жобалау, инжиниринг және жобаларды басқару үшін кешенді IT шешімдердің ірі әзірлеушісі AVEVA Group plc қолдауымен іске асырылады. Жобаның негізгі мақсаты AVEVA технологиялары негізінде оқытудың заманауи бағдарламалары есебінен студенттер мен оқытушылардың білімдері мен дағдыларын жетілдіру болып табылады.

 

Ары қарай оқу >>

«Қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсері» атты ашық тәрбие сағаты

13.11.2020

2020 жылдың қараша айында «7M05301 Химия» мамандығының 2 курс магистранттарына «Қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбында Р.О. Орынбасардың жетекшілігімен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Магистранттар берілген тақырып бойынша заманауи интерактивті әдістерді пайдалана отырып презентациялар мен баяндамалар жасады. Тәрбие сағатта қатты қалдықтар туралы мәліметтер, әртүрлі елдерде қалдықтарды залалсыздандыру жолдары мен олардан алынатын екіншілік өнімдер туралы жалпы мәліметтер бойынша пікір таластар жүргізілді. Сұрақ-жауап бөлімінде — қатысушылар қатты заттардың қалдықтары бойынша Қазақстанның әрбір облысындағы экологиялық ерекшеліктері туралы қосымша ақпараттармен бөлісіп, олардың себеп-салдарын болжап көрді. Өткізілген шара бойынша, қорытынды бөлім ретінде “Quizizz” бағдарламасында құрастырылған интеллектуалдық сұрақтарға магистранттар барлық қызығушылықтарымен жауап берді.

Ары қарай оқу >>

Қос дипломдық бағдарлама

14.10.2020

2020 жылдың 14 қазан күні қос дипломдық бағдарлама бойынша Лотарингии университетінің өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге кафедра өкілдері арасында Картабай А.Т., Насибуллин Б.М және гео-энергетика центрінің Директоры Кристин Бутейе қатысқан болатын. Кездесу барысында болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«Қашықтықтан білім беруге көшуді қолданбалы философияның басым міндеті ретінде қамтамасыз ету: тривиальды емес идеяларды іздеу» атты Халықаралық мақсатты симпозиум OPDO – 2020

01.10.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақпараттық-есептеуіш технологиялар институты, Кореяның «Кахак» ғылыми-техникалық қоғамы, Кореяның ғылым және технологиялар қоғамдарының федерациясы, барлық қызығушылық танытқан адамдарды «қашықтықтан білім беруге көшуді қолданбалы философияның басым міндеті ретінде қамтамасыз ету: тривиальды емес идеяларды іздеу» конференциясына қатысуға шақырады. Симпозиум 2020 жылдың 03 қазанында онлайн режимінде өтеді.

Темы диплом 2020.docx

ОПДО - 2020.pdf

Ары қарай оқу >>

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

29.09.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғалым Мұтановтың Қазақстандағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинемен екіжақты кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Al-Farabi Science Talks

29.09.2020

ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұлы ойшылдың 1150-жылдығына, оның шығармашылық мұрасын және қазіргі заманғы адамзат үшін маңыздылығын зерделеуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи мәселелеріне арналған «Science Talks» форматындағы онлайн іс-шаралар сериясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Мақсат: топ 100-ге кіру

28.09.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуға және топ-100 үздік ЖОО-ның жаһандық рейтингісіне енуді мақсат тұтады. Бұл ауқымды мақсатты ректор, академик Ғалым Мұтанов халық алдындағы жыл сайынғы есептік кездесу барысында айтты. Ол үшін инфрақұрылымды дамыту жалғастырылады, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарта отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бірқатар ірі халықаралық инновациялық жобалар іске асырылады.

Ары қарай оқу >>

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІНІҢ САПАРЫ

22.09.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғалым Мұтанов пен Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджи мырзамен кездесу өтіп, жүздесу барысында тараптар ғылым және білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Ары қарай оқу >>

Европалық деңгей

21.09.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ректор Ғ.Мұтанов пен Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Шабановичтің кездесуі өтті, онда тараптар жоғары оқу орындары арасындағы алмасу бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ары қарай оқу >>

ЖУРНАЛИСТИКА МАЙТАЛМАНЫ ӘБІЛФАЙЫЗ ЫДЫРЫСОВҚА АРНАЛАДЫ

18.09.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі журналист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» атты ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Ары қарай оқу >>