Жаңалықтар

Математикалық модельдеудің маңызы

08.03.2021

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында маманданатын 301А ОЗХТ студенттерімен Египет Араб Республикасынан шақырылған профессор Гемиль Ахмадпен химиялық-технологиялық процестерді математикалық моделдеу бағдарламаларның өндірісте алатын орыны мен маңызы бойынша бейнеконференция өтті.   Студенттер математикалық моделдеу саласының артықшылығы мен ерекшеліктерін, теориялық жоспарлау мен практикалық маңыздылығы жөнінде жан-жақты талқылап, глобалды мәселенің бірі көмірқышқыл газының экологияға зиянын компьютерлік бағдарлама негізінде модельдеу арқылы шешу жолдарымен таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

Заманауи мұнай өңдеу

08.03.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Zoom платформасында Таяу Шығыстағы мұнай саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде Иранның Ұлттық Мұнай Компаниясының (N.I.O.C) аға инженері және Таяу Шығыс, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінде мұнай инженериясы курстарының дәріс оқытушысы, PhD доктор Esmaeili Abdollah Esmaeil мырзамен Қазақстанда мұнай өндірудің 122 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Заманауи мұнай өңдеу» атты шара өтті.

Ары қарай оқу >>

«Химиялық кинетика» бойынша құрастырылған онлайн форматтағы интеллектуалдық жарыс сабағы

05.03.2021

«Zoom» платформасында «Химиялық кинетика» бойынша интеллектуалдық жарыс сабағын физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Супиева Ж.А. құрастырған. Лектор Супиева Ж.А. «Химиялық кинетика және электрохимия» дисциплинасына студенттер арасында өзара қызығушылықты таныту мақсатында жүргізді. Сайысқа «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» 2-курс студенттерден тұратын «Энергия», «Реакция» және «220 вольт» топтары қатысты.

Ары қарай оқу >>

ON-LINE РЕЖИМІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

03.03.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің «5В011200-Химия» мамандығы 3 курс студенттері Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте педагогикалық практикадан өтті.

34 студенттер «8А», «9В» және «10ә» сыныптарына бөлінді. Алдымен олар таңдалған сыныптардағы онлайн сабақтарға қатысты, содан кейін өздері Telegram және Zoom платформаларында онлайн сабақтар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Қос дипломдық бағдарлама аясында

02.03.2021

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында «7М07201- Мұнай –газ ісі» мамандығы бойынша Францияның Лотаринги университетімен қос дипломдық бағдарлама жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылында аталған университеттің 4 оқытушы профессорлары Раймон Мишельс, Ирина Панфилова, Лев Филиппов, Давид Жосселин он-лайн режимде осы мамандықта білім алатын 1-курс магистранттарына

Ары қарай оқу >>

Шақырту Құрметті химия және химиялық технология факультетінің студенттері және оқытушылары!

27.02.2021

Шетелде білім алу - әр студенттіңің арманы, бірақ, өкінішке орай, бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді. Қаржы мәселесі жалғыз проблема емес. Көпшілігі, тіпті жеткілікті қаражат пен оқу жетістіктері бола тұра, шетелдік университеттерге түсудің нюанстарын білмегендіктен жолдары болмай жатады. Сондықтан, «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасы, «Мұнайхимиясы» мамандығының 1-ші курс магистранттары сіздерді National Scholarship Programme of the Slovak Republic оқу грантының қыр-сырың білуге арналган іс-шарамызға шақырамыз.

 

Ары қарай оқу >>

Ғасыр ақыны

25.02.2021

Университетіміздің көлемінде әлеуметтік-саяси тәрбие жұмыстары аясындағы «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы шеңберінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында маманданатын «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттерімен қазақ поэзиясының Хан тәңірі, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-музыкалық бейнекеш ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

2020-2021 оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дәстүрлі «Куратор-эдвайзерлер мектебі» 1 курс куратор-эдвайзерлеріне арналды.

23.01.2021

Қашықтан оқыту жағдайында студенттердің өмірлік тұрақтылықтарын қалыптастыру, стреске төзімділігін бейімдеуге арналған психологиялық қолдау жлдары сынды тақырыптар бойынша өткізілген семинарлар онлайн форматта өтті. Сонымен қатар, университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Жұлдыз Дәпенқызының «Эпидемия жағдайында студенттерді қажетті мағлұматтармен қамтамасыз ету үшін куратор-эдвайзерлерге кеңес беру» тақырыбында өткен семинар факультеттің, кафедраның аға куратор-ұйымдастырушыларына арналды.

Ары қарай оқу >>

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға» атты Әбу Насыр әл - Фарабидің 1150 жылдығына арналған тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара!

12.01.2021

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек адамға» атты Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған тәрбиелік мақсаттағы онлайн іс-шара өтті. ОЗХТ және Химия мамандықтарының 1-4 курс студенттері (ОЗХТ 402-404, ХИ 214, ХИ 101), «Мұнайхимия» мамандығының 1-курс магистранттары мен физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының ұстаздары х.ғ.к., доцент м.а. Г.Ж. Жақсылықова, х.ғ.к., аға оқытушы Ф.М. Канапиева, PhD, аға оқытушы Н.Ж. Құдайбергенов, аға оқытушы Ахмад Гемиль ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ: «АА+» деңгейі

29.12.2020

«Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») беделді еуропалық рейтингінің зерттеулері бойынша әл-Фараби атыгдағы ҚазҰУ «АА+» жоғары бағасына ие болып, жетекші еуропалық университеттердің қатарына енді.

Ары қарай оқу >>