Жаңалықтар

«Фараби әлемі»

07.04.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2022 жылдың 7 сәуірінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығының 1 курс магистранты Исаева Асия «Медицина, денсаулық сақтау және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» секциясы бойынша 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

"Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым" атты республикалық эссе байқауының қорытындысы жарияланды

22.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым"атты республикалық эссе байқауы

    Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай,  Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Денсаулық сақтау саясатыжәне  ұйымдастыру кафедрасы 5-13 желтоқсан аралығында медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым" атты республикалық эссе байқауын жариялады. Байқаудың арнайы шарттары мен талаптары еліміздегі барлық медициналық ЖОО-на жіберілді. Байқаудың ресми уақыты жарияланған күннен бастап, Қазақстанның түпкір-түкпірінен медициналық оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар өз бақтарын сынады. Байқауға “Семей медицина университеті” КеАҚ, С.Ж.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті" университеттерінен  18  магистрант қатысты.

 

                                                                  

Ары қарай оқу >>

"Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін" тақырыбында өткізілген университетішілік эссе байқауының нәтижелері

21.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің арасындағы "Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін"тақырыбында университетішілік эссе байқауы

       2021 жылы 21 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы студенттер арасында "Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін" тақырыбында өткізілген университетішілік эссе байқауының нәтижелерін салтанатты түрде жариялады. Елдегі пандемияға байланысты эссе байқауы онлайн форматта өткізілген болатын, соған сәйкес мараппаттау рәсімі де Зумда салатанатты конференция ретінде өткізілді. Байқау жарияланған күннен бастап студенттер эсселерін байқау талаптарына сай арнайы почтаға жіберді. Байқауда университетімізден көптеген факультеттерінен 25 студент өз бақтарын сынады. Байқау шарттарында көрсетілгендей эссе арнайы талаптар бойынша саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында құрылған арнайы комиссия мүшелері арқылы мұқият тексерілді. Барлық байқауға қатысушы студенттердің жұмыстарымен танысып шыққан қазылар алқасы үздік деп тапқан 3 студент жүлделі орынға ие болды. 

Ары қарай оқу >>

«Creativе jastar»

11.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры және "Jas Otan" жастар қанатымен бірлесіп, Алматы қала әкімдігі жанындағы әлеуметтік даму басқармасының қолдауымен «CREATIVE JASTAR» жобасы өтті.

Жобаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығының 1-курс магистранты Қалдарбек Орынбасар Нұрланұлы қатысты, Алматы қаласындағы No12 қалалық емхананың тәжірибелік дәрігері.

Ары қарай оқу >>

ДҚЖҚ: мүмкіндіктер мен мәселелер Халықаралық Конференциясы

10.12.2021

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Ешкімнің денсаулығы назардан тыс қалмауы керек: баршаға арналған денсаулық сақтау жүйесін дамытуға инвестиция салыңыз» ұранымен «ДҚЖҚ: мүмкіндіктер және мәселелер» атты халықаралық конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Конференция

09.12.2021

2021 жылғы 9-10 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы өтті. 14 секциядағы пікірталас алаңдарында онлайн және офлайн аралас форматында 300-ден астам студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым"атты республикалық эссе байқауы

05.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2021 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым" тақырыбында магистранттар арасында үздік эссе республикалық байқауын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Визитинг-профессор Н.Н.Бримқуловтың бірлескен бір айлық жұмысы өтті

01.12.2021

2021 жылдың 1-30 қарашасы аралығындағы бір ай көлемінде визит-профессор, м.ғ.д., И.К.Ахунбаев атындағы Қыпғыз мемлекеттік медицина академиясының (Бішкек, Қырғызстан), жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Бримкулов Нурлан медицина мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті тықырыптар бойынша дәрістер мен сабақтар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің арасында "Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін"тақырыбында университеттік студенттік эссе байқауы

01.12.2021

Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін "Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін" тақырыбында университетішілік студенттік эссе байқауына шақырады. Байқау 12 желтоқсан халықаралық ДҚЖҚ (Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту) күніне арналады

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-де Хатлон мемлекеттік медицина университетітен делегация

07.11.2021

Тәжірибе алмасу мақсатынды Хатлон мемлекеттік медицина университетімен (Тәжікістан) келісім асясындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не құрамында Тәжікістан Республикасының БҒМ өкілдері, ХММУ-нің декандары және 10 кафедра меңгерушілерінен құралған делегация келді.

Ары қарай оқу >>