Жаңалықтар

«КУАЗАР» АТТЫ ЖАҢА СТУДЕНТТІК ҰЙЫМНЫҢ АШЫЛУЫ

07.03.2022

3-наурызда, қара шаңырағымыз ҚазҮҰ-ң кітапханасының үлкен залында медицина және денсаулықты сақтау факультетінің, жоғарғы медицина мектебінің ұйымдастыруымен «куазар» атты жаңа студенттік ұйымның ашылу салтанаты өткізілді. Ұйымның басты мақсаты:

  • ·       Студенттердің оқу және әлеуметтік өмірін жақсарту.
  • ·       Түрлі ұлттарды жарасымды тұтастыққа біріктіру.
  • ·       Мәселелерді шешу үшін платформа ұйымдастыру.
  • ·       GSOM студенттері мен әлемдегі басқа медициналық университеттер арасында жақсы байланыс орнату мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  • ·       Маңызды академиялық ресурстар мен білімді тарату үшін платформаны қамтамасыз ету.
  • ·       Спорттық турнирлер, Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі, Азық-түлік фестивальдері, Медициналық білім турнирлері, шытырман оқиғалы саяхаттар, клиникалық лагерьлер және т.б. сияқты қызықты оқиғаларды насихаттау.

Ары қарай оқу >>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ «БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІ: ШЕКАРАСЫЗ ЖӘНЕ ШЕКТЕУСІЗ» КОНКУРАСЫНА ЖОБАЛАР ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 20.01.2022 Ж. ҰЗАРТЫЛДЫ.

10.12.2021

Финалистер өз жобаларын 2022 жылдың 25 қаңтарында ұсынады. Қатысушыларға 2022 жылдың 20 қаңтарынан кейін электрондық пошта арқылы онлайн көрсетілім уақыты туралы хабарланады. Онлайн іс-шараға сілтеме сол хабарламада жіберіледі.

 

Ары қарай оқу >>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ!

03.12.2021

Инклюзивті білім беруді хабардар етудің ұлттық күні аясында Еуропалық Одақтың Eramus+DECIDE жобасы аясында университетіміздің студенттері мен магистранттары арасында жобалар байқауы жарияланады. Байқаудың тақырыбы – «Болашақ университеті: шекарасыз және шектеусіз». Студенттер жобаларын 09.12.2021 жылға дейін decideprojectkaznu@gmail.com электрондық мекенжайына жіберуі қажет. Хабарламаның тақырыбы «Дизайн конкурсы» болуы керек. Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын. Жеңімпаздарға бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдар, қалғандары қатысу сертификаттарымен марапатталады.

Ары қарай оқу >>

«Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты факультеттік іс-шара өткізді

10.09.2021

07.09.2021 ж. медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты факультеттік іс-шара өткізді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-2 курс студенттерінің жауапты кураторы – Кошкимбаева С.А.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің қызмекерлері COVID-19 жұқпасының алдын алудағы вакцинация іс-шарасы маңыздылығының түсіндірме жұмыстарын бастады

16.06.2021

Ковид-19 пандемиясы адамзатты жұқпалы аурулардың салдарынан қаншалықты қауіпті  ошақтардың болатындығын есте сақтауға мәжбүр етті, ал мұндай жағдайларда вакцинация шарасының ролін, қалыпты өмірге оралудың жалғыз үміті екендігін білшен жөн. Осы мақсатты көздей отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің қызмекерлері  COVID-19 жұқпасының алдын алудағы вакцинация іс-шарасы маңыздылығының түсіндірме жұмыстарын бастады. 14 маусымда іс-шараға Механикалық-математилық және Ақпараттық технологиялар факультетерінің –профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. 

Ары қарай оқу >>

«Дене тәрбиесінің үздігі» төсбелгісі

15.06.2021

2021 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XI жазғы Универсиаданың жабылу салтанатында «ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Дилмаханбетов Ермек Киргизбайұлын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командасы Универсиада жарыстарында жеңісіке ерте жеткен үшін «Дене тәрбиесінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада чемпионы 2021 ж.

15.06.2021

2021 жылдың 4 мамыры мен 9 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында ХІ жазғы Универсиада өтті. Жарыс спорттың 30 түрінен еліміздің 60 жоғары оқу орны арасында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрама командасы Универсиаданың 7 дүркін көшбасшысы болды. Біздің спортшылар спорттық шеберліктерін және барлық спорт түрлерінде озықтықтарын көрсетті.

Ары қарай оқу >>

«Жұмыспен қамту жәрмеңкесі – 2021 ж.»

04.06.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультеті 2021 жылдың 14 мамырында,  онлайн режимінде, Zoom платфомасында  Облыстардың денсаулық сақтау басқармарының, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары медициналық ұйымдарының қатысуымен жыл сайынғы дәстүрлі «Жұмыспен қамту жәрмеңкесі – 2021 ж.»  іс-шарасы өткізді.

Ары қарай оқу >>