"Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін" тақырыбында өткізілген университетішілік эссе байқауының нәтижелері

21.12.2021

Көрулер: 1377

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің арасындағы "Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін"тақырыбында университетішілік эссе байқауы

       2021 жылы 21 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы студенттер арасында "Мен ДҚЖҚ-ды қалай түсінемін" тақырыбында өткізілген университетішілік эссе байқауының нәтижелерін салтанатты түрде жариялады. Елдегі пандемияға байланысты эссе байқауы онлайн форматта өткізілген болатын, соған сәйкес мараппаттау рәсімі де Зумда салатанатты конференция ретінде өткізілді. Байқау жарияланған күннен бастап студенттер эсселерін байқау талаптарына сай арнайы почтаға жіберді. Байқауда университетімізден көптеген факультеттерінен 25 студент өз бақтарын сынады. Байқау шарттарында көрсетілгендей эссе арнайы талаптар бойынша саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында құрылған арнайы комиссия мүшелері арқылы мұқият тексерілді. Барлық байқауға қатысушы студенттердің жұмыстарымен танысып шыққан қазылар алқасы үздік деп тапқан 3 студент жүлделі орынға ие болды.                                                                                                   Байқауға жіберген жұмысы басқа эсселерден оқ бойы озып шығып дараланған - филология факультеті, «Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенты – Смағұл Жанибек жүлделі 1 орынға ие болды. Жеңімпазымызға арнайы диплом және де естелік сыйлық ретінде Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» романы табысталды. Университетіміздің студенті Руслан Рахимбаев – 2 орынды алды, медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті Абдиганиев Акбарали 3 орынға ие болды. Үш жеңімпазымызға да арнайы дипломдар және де естелік сыйлықтар табысталды. Рахимбаев Русланға Дюрант.У «Уроки истории» кітабы сыйланса, үшінші орынды еншілеген Абдиганиев Акбаралиға профессор-эндокринолог М.Е.Зельцердің «Вплески памяти на дневниковых страницах» кітабы табысталды. Сөз соңында саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының меңгершісі, профессор Капанова Гульнара Жамбаевна студенттерге арнайы өз тілегін арнады.