ДҚЖҚ: мүмкіндіктер мен мәселелер Халықаралық Конференциясы

10.12.2021

Көрулер: 1694

Конференция БҰҰ жариялаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Ұйымдамтырушы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы, МСАК жөніндегі БДҰ Еуропалық орталығы, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығы, «PRIMARY HEALTH CARE» Ұлттық қауымдастығы қызмет атқарды.

Іс-шараның мақсаты – ДҚЖК негізгі идеяларын қолдау және дамыту. Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпылай қамту мәселелері дәл қәзіргі COVID-19 пандемиясы кезіндегідей өзекті болған емес.

Конференцияға ТМД елдерінен, атап айтқанда Беларусь, Ресей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан спикерлер, сондай-ақ МСАК жөніндегі БДҰ Еуропалық орталығының техникалық кеңесшісі, PhD докторы, профессор Арнольдас Юргутис қатысты, конференция қатысушылар рерінде МСАК өкілдері, ТМД елдері университеттерінің өкілдері, практикалық дәрігерлер, студенттер және т.б.қатысты.

Конференция МСАК жөніндегі БДҰ Еуропалық орталығының техникалық кеңесшісі Юргутис А., Қазақстан тағамтану академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Ш.Шармановтың, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директорының орынбасары Койков В.В.-тің құттықтау сөзімен басталды.

Одан әрі ТМД елдері мен Қазақстан спикерлерінің ауызша баяндамалары мен панельдік пікірталастарымен жалғасты, жиналыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен отбасылық медицинаны дамыту және олардың ДҚЖҚ үшін рөлі, COVID-19 пандемиясы кезінде денсаулықты жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз етудегі инновациялық тәсілдер сияқты бағыттарды талқылады. Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі МСАК бағдарламасының мәселелерін шешудің кейбір жолдары ретінде - МСАК қолжетімділігін арттыру факторы ретінде медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін даярлауды жүзеге асыру, халыққа медициналық көмекті ұйымдастырудың гериатриялық аспектілері, сонымен балаларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету болды. Сондай-ақ ТМД елдерінің спикерлері МСАК деңгейінде көмекті ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, мысал ретінде Беларусьтық спикер И.В.Патеюктің «Беларусь Республикасындағы жалпы медициналық тәжірибе: ұлттық тәжірибе және даму перспективалары» атты баяндамасын, Өзбекстанндық баяндамашылардың – «Өзбекстанда COVID-19 пандемиясы кезінде денсаулық сақтау қызметтерімен жалпылай қамтудың инновациялық жолдары», сондай-ақ Қазақстандық спикерлердің – «Ақпараттық қоғамдық мониторинг және тұрғындармен кері байланыс потенциалы мен тиімділік механизмдері – медициналық қызметттер сапасын басқару құралы ретінде» атты баяндамаларын келтіруге болады.

2030 жылға қарай ТМД елдерінде толық медициналық көмек көрсетуге қол жеткізу үшін: алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуды ілгерілету, МСАК деңгейінде жаңа ұйымдастырушылық және технологиялық тәсілдерді енгізу, отбасылық медицинаның немесе жалпы дәрігерлік практиканың озық халықаралық деңгейіне қол жеткізу; алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қызмет ету заңдылықтары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу қажет болып табылады.

Конференция жанды және онлайн режимде ҚазҰУ-дың youtube арнасында тікелей эфирде өтті.

 

Конференцияны ҚазҰУ youtube арнасынан көруге болады - https://www.youtube.com/watch?v=BUkvwG4Z-Bo

Құжаттарға сілтемелер

МСАК бойынша шолулар 

https://www.euro.who.int/en/health-topics/Health-systems/primary-health-care/country-work/primary-health-care-country-vignettes  

ДДҰ Еуропалық аймағының 71 сессиясына арналған МСАК бойынша жұмыс құжаты

https://apps.who.int.iris/handle/10665/343171

Еуропалық аймақтық комитеттің 71 сессиясы: резолюция – алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуетін іске асыру

https://apps.who.int.iris/handle/10665/345125