«Фараби әлемі»

07.04.2022

Көрулер: 1412

Исаева Асия Маратқызы 31 ғылыми мақаланыңоның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 9 мақаланыңЖоғары аттестаттау комиссиясының журналдарында 9 мақаланың авторы. SCOPUS (Q1, Q3) бойынша индекстелген журналдардағы 3 мақаласы және халықаралық конференция материалдарындағы 3 жарияланымы бар. Н-индексі 3. 2021 жылы Л.Т. Ералиевамен ESPID-39 конференциясында постерлық баяндамасын жасады (Швейцария, Женева). 2019 жылдан бастап Асия Исаеваның ғылыми тәлімгері медицина ғылымдарының докторы, профессор Ералиева Л.Т. (бірлесіп 10 ғылыми мақала жарияланды). 2018-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығында «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ғылыми бөлімінің қызметкері болды.


«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында Исаева Асия ғылыми жетекшілері Танбаева Г.З. (медицина ғылымдарының докторы, профессор, МВА, технология және ғылым саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты) және Ералиева Л.Т. (медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директорының клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары) «Қазақстан Республикасында 2010 жыл мен 2020 жыл аралығындағы 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониядан болатын аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштерін талдау» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында Исаева А.М. Қазақстан Республикасының Ұлттық иммундау күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация енгізілген күннен бастап 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониямен сырқаттанушылық пен өлім-жітім динамикасын талдауды зерттеу нәтижелерін ұсынды. Қазақстан 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониямен сырқаттанушылық абсолютті сандарда төмендеу үрдісін байқатады. 2010 жылы бұл көрсеткіш аурушаңдық бойынша 17761 жағдайды құраса, 2020 жылы көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 52,1%-ға төмендеп, 8493 жағдайды құрады. Жүргізілген зерттеулер авторларға 2010 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияның енгізілуімен 1 жасқа дейінгі балалардағы пневмониямен сырқаттанушылықтың төмендеу тенденциясы айқын байқалады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 2010-2020 жылдар аралығында 1000 адамға шаққанда 54,1-ден 20,1 жағдайға дейін 1 жасқа дейінгі балаларда болатын пневмониямен сырқаттанудың төмендеуін көрсетті. Бұл жұмыс Исаева Асияның «Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация мысалында емханада профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға COVID-19 пандемиясының әсері» атты магистрлік жұмысының аясында жүргізілді.