Факультет туралы

      Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі мен медицинаның дамуына үлес қосуға және жақын арада өмір туралы ғылымдар бойынша әлемдік деңгейге шығуға ұмтылған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2015 жылы медицина факультетін ашты. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерге, сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауға сәйкес, қазіргі уақытта Медицина және денсаулық сақтау факультеті деп аталады.  

 

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы, медицина ғылымдарының докторы, профессор ҚАЛМАТАЕВА ЖАННА АМАНТАЙҚЫЗЫ.  

   

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Медицина және денсаулық факультеті кең клиникалық тәжірибе мен сарапшылар алмасуын қолдана отырып, үздік халықаралық және ғылыми білім беру бағдарламаларына назар аудара отырып, медициналық қызметкерлерді сапалы дайындауды жүргізеді.

 

    Факультет барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын – бакалавриат, магистратура, интернатура, резидентура, докторантура, постдокторантуралық зерттеулерді қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Параклиникалық пәндердің кең спектрі – ғылыми идеяларды жүзеге асыру үшін және молекулалық биология, био және нанотехнология, биоинформатика, биофизика және т.б. жетістіктерін клиникалық практикаға енгізудің ыңғайлы платформасы болып табылады.

 

     Студенттерді оқытуға Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтарының көрнекті ғалымдары мен жетекші мамандары, алыс-жақын шетелдерден (Ресей, Украина, Беларусь, Канада, Германия, Швеция, Оңтүстік Корея және т.б.) шақырылған профессорлар қатысады. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары дәрежелі, 25 оқытушыда шетелдік жоғары оқу орындарының (Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея) дипломдары бар, оқытушылардың 78,5 пайызы ағылшын тілінде сабақ береді. Факультет әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен белсенді халықаралық ынтымақтастықтың арқасында, шетелдік тағылымдамадан өтуге нақты мүмкіндіктер жасайды. Жыл сайын факультетте шет елдердің жетекші университеттерінен 10-нан астам визитинг-профессорлар тұрақты жұмыс жасайды.